

16-17 және 23-24 қазанда Алматы менШымкент қалаларының, сондай-ақ Қарағанды және Павлодар облыстарының жалпы білім беретін мектептерінің жоғары сынып оқушылары «Әділетті қоғам – Адал азамат» семинар-тренинг бағдарламасы бойынша онлайн-оқытудан өтті.
Алматылық мектеп оқушысы Әсел Тәліпованың пікірінше, екі күнге созылған семинар-тренингте көп мағлұмат мен жан азығын алған: «Әрбір азаматтың міндеті – әділ болу, яғни өзгенің құқығын бұзбай өз құқығын пайдалану. Тұлғааралық қатынастарда адам моральдық нормаларды, ал құқықтық қатынастарда заңдарды басшылыққа алады. Тренинг барысында осы және басқа да мәселелер талқыланды».
Шымкент қаласындағы М. Х. Дулати атындағы №8 мамандандырылған гимназиясының оқушысы Даниял Әріпхан практикалық сабақтар Қазақстан жастарының дамуына қажетті қасиеттерді бағалауға көмектескенін атап өтті:
«Спикерлер қызықты ақпаратты анық жеткізді. Ұйымдастырушылар ашық диалог жасай білді,онда біз Қазақстанның гүлденуі үшін өз идеяларымыз бен ұсыныстарымызды білдірдік. Ұсынылған бастамалар саясатқа, қоғамдық өмірге және күнделікті тәжірибеге айналады деп үміттенеміз».
Павлодардағы облыстық дарынды балаларға арналған көпсалалы лицей- интернатының оқушысы Азалия Агиманованың айтуынша, семинар-тренинг ұмытылмас әсер қалдырып,санаға серпіліс сыйлаған: «Іс-шараны ұйымдастыру жоғары деңгейде болды: әрбір қатысушылардың сәлемдесуінен бастап сұрақ-жауаптардың қорытынды сессиясына дейінгі ұсақ-түйекке дейін ойластырылған. Дәріскерлер өз салаларында кәсібилік пен терең білімнің жоғары деңгейін көрсете білді. Олар презентациялары арқылы тек ақпарат ғана беріп қоймай, шабыттандыра білді,бұл барлық қатысушылардың белсенді қатысуына ықпал етті. Сонымен қатар, тренингтегі атмосфера нәтижелі диалог құруға және қатысушылар арасында тәжірибе алмасуға ықпал етті».