




Республика күні қарсаңында Қазақстан Республикасы Президенттік орталығының директоры Бақытжан Темірболат ұжымды келе жатқан мерекемен құттықтап, ерекше көзге түскен қызметкерлерге марапаттар, грамоталар мен алғыс хаттар табыс етті.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасы орталық аппаратының салтанатты отырысында Экспозицияларды және көрмелерді ұйымдастыру қызметінің жетекші сарапшысы Ләйлә Омарова «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды.
Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Қ.Тоқаевтың атынан Алғыс хаттар Экспозицияларды және көрмелерді ұйымдастыру қызметінің басшысы Н.А.Шырымбаева, Мәдени және білім беру жобалар қызметінің басшысы К.С.Исинова, Музей құндылықтарын есепке алу және сақтау қызметінің басшысы Г.У.Серікбаева, Әкімшілік қызметінің жетекші сарапшысы Е.Е.Кусенов, Цифрландыру қызметінің аға сарапшысы Н.Т. Әнуар салтанатты түрде берілді.
Қазақстан Республикасы Президенті іс басқармасының Құрмет грамоталарымен Жоспарлау және бухгалтерлік есеп қызметінің басшысы Л.А.Ишмұхаметова және Мәдени және білім беру жобалар қызметінің жетекші ғылыми қызметкері Г.Б.Қарагизова марапатталып, Архив жұмысы қызметінің жетекші сарапшысы А.Қ.Жүнісова Қазақстан Республикасы Президенті іс басқармасының Алғыс хатына ие болды.
Экскурсия жұмысы қызметінің сарапшысы Е.М.Бутеева Қазақстан Республикасы Президенттік орталығы директорының атынан Алғыс хаты берілді.
Өз кезегінде V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын ұйымдастыру комитетінің Алғыс хаттармен Қазақстан Республикасы Президенттік орталығы директорының кеңесшісі Д.Нығметұлы, Кітапхана жұмысы қызметінің басшысы Ж.Р.Дүйсенбиева, Халықаралық жобалар қызметінің жетекші ғылыми қызметкер М.А.Әбішева, Музей құндылықтарын есепке алу және сақтау қызметінің жетекші сарапшысы С.Қ.Сағымбаев, Архив жұмысы қызметінің жетекші сарапшысы А.Е.Асанбаева, Музей құндылықтарын есепке алу және сақтау қызметінің жетекші сарапшысы З.Б.Сатинбек, Мұрағат қызметінің аға сарапшысы Ж.Қ. Ахметова, Кітапхана жұмысы қызметінің аға сарапшысы М.Т.Тайтулеуова, Мәдени және білім беру жобалар қызметінің аға сарапшысы Қ.А.Умбетова, Мәдени және білім беру жобалар қызметінің аға сарапшысы Ж.Шыңғысханқызы, Баспа және редакциялау қызметінің аға сарапшысы Л.Қ.Бөкешова, Экспозицияларды және көрмелерді ұйымдастыру қызметінің сарапшысы Б.М.Мусин және сарапшысы Б.Ж.Исина марапатталды.
Салтанатты жиын барысында «АМАНАТ» партиясына Қазақстан Республикасы ПІБ Президенттік орталығының жаңадан қабылданған қызметкерлеріне партия билеттері табыс етілді.