Басты бетҚазақстан Республикасы Президенттік орталығында ұйымның кітапхана қоры толықтырған кітаптар көрме...

Қазақстан Республикасы Президенттік орталығында ұйымның кітапхана қоры толықтырған кітаптар көрмесі ашылды

Қазақстан Республикасы Президенттік орталығында ұйымның кітапхана қоры толықтырған кітаптар көрмесі ашылды Қазақстан Республикасы Президенттік орталығында ұйымның кітапхана қоры толықтырған кітаптар көрмесі ашылды Қазақстан Республикасы Президенттік орталығында ұйымның кітапхана қоры толықтырған кітаптар көрмесі ашылды Қазақстан Республикасы Президенттік орталығында ұйымның кітапхана қоры толықтырған кітаптар көрмесі ашылды

Кітапханашылар күнін мерекелеуге орай Қазақстан Республикасы ПІБ Президенттік орталығы ұйымның кітапхана қорына 2024 жылы енген «Жаңа кітап – Жаңа сыр» атты жаңа кітаптар көрмесі ұйымдастырылды. 

Көрменің негізгі мақсаты – Қазақстан Республикасы ПІБ Президенттік орталығының кітапхана қорын халыққа таныстыру.              

Орталықтың кітап қоры мынандай басылымдармен толықтырылғанын атап өткен жөн: Шариф Махкамовтың «Өзбекстан: толық тарих»; Гурбангулы Бердімұхамедовтың «Ашхабадтың ақ қаласы»; «Сауд Арабиясы: Қызыл теңіз, Сауд Арабиясының жағалауы» т.б.

Көрмеге барлығы 34 кітап қойылды.

Көрме қонақтары Астана және Атырау қалаларындағы BINOM SCHOOL лицейлер желісінің кітапханашылары, отандық жоғары оқу орындары мен колледждердің студенттері болды. Іс-шараға барлығы 100-ден астам адам қатысты.

Естеріңізге сала кетейік, оқу залы (3-қабат) Қазақстан Республикасы ПІБ Президенттік орталығында дүйсенбі мен жұма аралығында сағат 09.30-дан 17.00-ге дейін жұмыс істейді.

Кіру тегін.

Мекен-жайымыз: Астана қ., Ә.Бөкейхана көш., 1а, орталық кіреберіс.

Барлық сұрақтар бойынша 69-30-33 телефоны бойынша хабарласыңыз немесе duisenbiyeva_zhr@plibrary.kz  электронды поштасына сауал жолдаңыз