




Республика күні және Біріккен Ұлттар Ұйымы күні қарсаңында Қазақстан Республикасы ПІБ Президенттік орталығының музейінде қалалық шаруашылық «Астана-Профи» колледжінің студенттеріне арналған «Бейбітшілік пен жасампаздық жолында» қор көрмесіне тақырыптық экскурсия өтті..
Экскурсия барысында студенттерге Президенттік орталықтың музей қорындағы бірегей материалдар, оның ішінде Қазақстан Республикасы Президентінің мұрағаты мен баспасөз қызметі ұсынған фото, бейнематериалдар және деректі материалдар ұсынылды.
Көрменің бұл экспонаттары Қазақстанның Біріккен Ұлттар Ұйымы аясындағы сындарлы, жемісті және көп салалы қызметін айқын көрсетеді. Барлығы 50-ге жуық экспонат қойылған.
Көрме 2024 жылдың 15 қарашаға дейін жалғасады.
Президенттік орталық музейі сейсенбіден жексенбіге дейін сағат 10.00-ден 18.00-ге дейін жұмыс істейтінін естеріңізге саламыз. Кіру тегін.
Мекен-жайымыз: Астана қ., Ә.Бөкейхан көшесі, 1а, орталық кіреберіс.
Барлық сұрақтар бойынша 69-30-08, 69-30-41 (42,43,44) телефондарына хабарласыңыз немесе: kense@pc.udp-rk.kz электронды поштасына сауал жолдаңыз.