Басты бетЖеке меншік мектептердің артықшылықтары мен кемшіліктері

Жеке меншік мектептердің артықшылықтары мен кемшіліктері

Жеке меншік мектептердің артықшылықтары мен кемшіліктері Жеке меншік мектептердің артықшылықтары мен кемшіліктері Жеке меншік мектептердің артықшылықтары мен кемшіліктері Жеке меншік мектептердің артықшылықтары мен кемшіліктері

Президенттік орталықта «Адал азамат-адал еңбек» ашық пікірталас алаңында елордадағы Ғали Орманов атындағы №7, Ілияс Жансүгіров атындағы № 58, Смағұл Сәдуақасұлы атындағы № 78 мектеп – гимназиялары және Ахмет Байтұрсынұлы атындағы № 48 мектеп-лицейі командалары арасында осы тақырыпта дебат өтті. Екі команданың спикерлері жеке меншік мектептердің қызметіне тыйым салу туралы пікірді жақтаса, қалған екеуі оны жоққа шығарып, өз дәлелдерін келтірді. Командаларды қолдау үшін оқушылардың сыныптастары мен олардың мұғалімдері де келді. Пікірсайыс «Алтын Алаш» командасының жеңісімен аяқталды (Ілияс Жансүгіров атындағы №58 мектеп-лицейі). Оның спикерлері жартылай финалда басқа іріктеу турларының жеңімпаздарымен кездесетін болады. «Ойын қызу да өткір болды. Және де бүгінгі талқыланған тақырып өте өзекті. Қатысуышлар бұл мәселеге көптеген қызықты ойларын ортаға салды. Жалпы, балалар жақсы дайындалған және бір-біріне лайықты бәсекелестік жасады деп айтуға бола алды», – деп атап өтті дебаттың әділқазысы, №97 мектеп-гимназиясының педагогы Мейірім Сағидоллаұлы.