Басты бетЕл егемендігі мен бірлігінің рәміздері

Ел егемендігі мен бірлігінің рәміздері

Ел егемендігі мен бірлігінің рәміздері Ел егемендігі мен бірлігінің рәміздері Ел егемендігі мен бірлігінің рәміздері

Ұлттық мереке – Республика күні қарсаңында ҚР ПІБ Президенттік орталығының қызметкерлері Астана қаласындағы Ыбырай Алтынсарин атындағы № 83 мектеп-гимназиясының оқушыларына «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері» атты музейлік сабақ өткізді.

Бұл сабақ оқушылардың Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы білімдерін тереңдету, өскелең ұрпақтың бойында танымдық қызығушылықты, патриоттық және азаматтық сананы дамыту, олардың ой-өрісін кеңейту, Қазақстанның егеменді және тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасу тарихына құрметпен қарауға тәрбиелеуге бағытталған.

Сабақ барысында оқытушылар мектеп оқушыларын Ту мен Елтаңбаның әрбір геральдикалық белгісіне, олардың ерекше идеологиялық жүктемесіне егжей-тегжейлі тоқтала отырып, еліміздің мемлекеттік атрибуттарының жасалу тарихымен таныстырды, сонымен қатарӘнұран мәтінін жан-жақты талдады. ​

Түсінікті болу үшін балаларға Қазақстан Республикасы ПІБ Президенттік орталығының музейі мен мұрағат қорындағы 10-нан астам тарихи құжаттардың көшірмелері, оның ішінде Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің «Қазақ КСР-нің Мемлекеттік егемендігі туралы Декларация» көрсетілді.

«Президенттік орталыған келген қызметкерлерге көп рахмет. «Қазақстан Республикасының рәміздері» тақырыбында түсіндірме-дәріс сабағын өткізді. Сабақ өті түсінікті болды. Осы уақытқа дейін білмеген құнды ақпараттармен таныстық. Елтаңбамыздағы 41 элементтерді толықтай меңгердік. Әнұранымыздың шығу тарихын зерттедік», - деді Ыбырай Алтынсарин атындағы 83 мектеп-гимназиясының 7 “Қ” сынып оқушысы Райыс Қадыс.

Президенттік орталық қазан айының басынан бері елордадағы орта мектептерде 28 музей сабағы мен семинар-тренинг өткізгенін атап өткен жөн. Бұл іс-шараларға мыңға тарта оқушы қатысты.