Басты бетҚазақстандағы исламның рөлі туралы дәріс

Қазақстандағы исламның рөлі туралы дәріс

Қазақстандағы исламның рөлі туралы дәріс Қазақстандағы исламның рөлі туралы дәріс

Қазақстан Республикасының Президенттік орталығында Astana International University студенттеріне «Қазақстандағы ислам: тарихы, проблемалары, перспективалары» тақырыбындадәріс өткізілді.

Дәріс барысында тыңдаушылар қазақ халқының төл руханияты мен мәдениетін қалыптастырудағы исламның рөлі туралы білді. Дәріскер нақты мысалдар арқылы аталған мәселенің ғылыми-теориялық және практикалық маңыздылығын көрсете білді. 

Студенттерді Қазақстандағы діни экстремизмнің пайда болуы, деструктивті идеологияның таралуына қарсы іс-шаралардың тиімділігі, діни экстремизмге қарсы күрестің заңнамалық нормалары және т.б. сұрақтар қызықтырды.

Дәрістен кейін жастарға Президенттік орталығының музей залдарына шолу экскурсиясы өткізілді.