Басты бетПрезиденттік орталықтың семинар-тренингтері – қазақстандық жастардың пікір алмасу алаңы

Президенттік орталықтың семинар-тренингтері – қазақстандық жастардың пікір алмасу алаңы

Президенттік орталықтың семинар-тренингтері – қазақстандық жастардың пікір алмасу алаңы Президенттік орталықтың семинар-тренингтері – қазақстандық жастардың пікір алмасу алаңы Президенттік орталықтың семинар-тренингтері – қазақстандық жастардың пікір алмасу алаңы Президенттік орталықтың семинар-тренингтері – қазақстандық жастардың пікір алмасу алаңы

Президенттік орталықтың қызметкерлері«Әділетті қоғам – Адал азамат» бағдарламасы бойынша Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінің, Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің, Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық – техникалық университетінің, Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды зерттеу университетінің студенттері және Маңғыстау және Шығыс Қазақстан облыстарының жоғары сынып оқушыларына онлайн-оқыту өткізді. Қыркүйек айының басынан бері семинар-тренингтерге барлығы 259 адам қатысты. 

Президенттік орталықтың екі күндік семинар-тренингтері қазақстандық мемлекеттіліктің тарихын насихаттауға, ел жастарын патриотизм мен азаматтық сана рухында тәрбиелеуге, сондай-ақ өскелең ұрпақтың жасампаз құндылық көзқарастарын нығайтуға бағытталған. 

Танымдық және қызықты дәрістер, сондай-ақ практикалық интерактивті тренингтер жастарға серпін берді.

«Бұл іс-шара пікір алмасудың әрі әлеуметтік әділеттілікті жақсарту жолдарын іздеудің маңызды алаңына айналды. Әділдіктің өмірдің әртүрлі салаларында қалай көрінетінін және оның біздің қоғамның жалпы қабылданған құндылықтарымен байланысын талқылау қызықты болды. Әсіресе, Қазақстанда әділеттілік идеяларының ұлттық дәстүрлер мен заманауи құқықтық жүйеде қалай көрініс тапқандығын білу де бөлек әсер сыйлады.Семинар-тренинг барысында толеранттылық, өзара сыйластық, бірлікке ұмтылу сияқты әлеуметтік-мәдени мұраттарға баса назар аударылып, талқылаудың негізіне айналды», – деп атап өтті М. Әуезов атындағы ОҚУ Арлен Тілеуов.

«Ең алдымен, осы семинарды ұйымдастырғандарыңызға алғысымды білдіргім келеді. Өте маңызды тақырыптар мен әлемдік мәселелер талқыланды. Маған өте пайдалы әріқызықты болатын әділ, жүйеленген, өзекті мол мағлұмат алдым. Осы жаңа білімнің арқасындатәжірибелік бөлімде жобаны сенімді түрде қорғадым. Алдағы уақытта да Президенттік орталықтың осындай бастамаларына қуана қатысаредім», – деді Жәңгір хан атындағы БҚАТУ студентіФарида Наурызова.