Басты бетМузейде «М» әрпімен байланысты не нәрсе бар?

Музейде «М» әрпімен байланысты не нәрсе бар?

Музейде «М» әрпімен байланысты не нәрсе бар?

«Таң-Нұр» мектепалды тобының тәрбиеленушілері Қазақстан Республикасы ПІБ Президенттік орталығының қызметкерлері өткізген көшпелі музей сабағына қатысты. 

Сабақ балаларды мәдени-тарихи құндылықтармен таныстырып, музей әлемін қабылдау арқылы патриотизм мен азаматтық ұстанымын тәрбиелеуге бағытталған.

Балдырғандар сабақ барысында Президенттік орталықтың музей қызметімен танысып, ондағы кейбір жәдігерлерді ұстап көріп, сөздік қорын жаңа сөздермен байытты. Жұмбақтарды шешіп, мұражай заттарымен танысқан мектеп жасына дейінгі балалар «м» әрпін тереңірек ұғынып, өз бетінше белсенділіктерін дамыту үшін «Топтаманы толтыр» ойынына қатысты. 

«Сабақ сәлемдесу мен танысу ойынынан басталды, бұл достық атмосфера сыйлады. Жұмыстың әртүрлі формалары, соның ішінде дидактикалық ойын қолданылды. Сабақтың құрылымы жақсы ойластырылған. Балалар сұрақтарға белсенді жауап беріп, сабақ бойықызығушылық танытты», – деп атап өтті топ тәрбиешісі Наталья Палягина.