Басты бетЕлордалық мектеп оқушылары теңге тарихымен танысты

Елордалық мектеп оқушылары теңге тарихымен танысты

Елордалық мектеп оқушылары теңге тарихымен танысты

4 қазанда Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының Президенттік орталығының қызметкерлері Нәзір Төреқұлов атындағы №35 мектеп-лицейінің бастауыш сынып оқушыларына «Теңге – Қазақстанның ұлттық валютасы» көшпелі музей сабағын өткізді.

Сабақ барысында мектеп оқушылары «Ақша қалай пайда болды?» танымдық мультфильмін тамашалап, теңгенің шығу тарихымен танысты. Сонымен қатар балалар ұлттық валютаның банкноттары мен монеталарын қорғауды қамтамасыз ететін Қазақстан Ұлттық Банкінің маңызды функциялары туралы мол мағлұмат алды.

Сондай-ақ оқушылар қызықты ойындар ойнап, теңге бейнеленген пазлдарды құрап, сұрақтарға жауап беріп, өз білімдерін бекітті.