
Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Президенттік орталығы келушілер үшін бірегей мәдени-ағарту бағдарламаларын жасап, ұзақ жылдар бойы отандық және шетелдік туристік компаниялармен табысты жұмыс істеп келеді. Бұл ұзақ мерзімді серіктестік туристердің арасында Қазақстанның мәдени мұрасын насихаттаудың маңызды элементіне айналды.
Мұндай ынтымақтастық Президенттік орталықты жыл сайын еліміздің және әлемнің түкпір-түкпірінен мыңдаған туристерді тарта отырып, елорданың басты мәдени көрікті орындарының біріне айналдырады.
Туристік компаниялармен бірлескен іс-әрекет орталыққа деген жоғары қызығушылықты сақтап қана қоймай, жалпы мәдени туризмді дамытуға ықпал етеді.
Президенттік орталық музейі сейсенбіден жексенбіге дейін сағат 10.00-ден 18.00-ге дейін жұмыс істейтінін естеріңізге саламыз. Кіру тегін.
Мекен-жайымыз: Астана қ., көш. Ә.Бөкейхана, 1а, орталық кіреберіс.
Барлық сұрақтар бойынша 69-30-08, 69-30-41 (42,43,44) телефондарына хабарласыңыз немесе: kense@pc.udp-rk.kz электронды поштасына сауал жолдаңыз.
https://www.facebook.com/reel/972226521257257