



Қазақстан Республикасының Президенттік орталығы жазғы демалыс маусымында елорда мектептерінде ұйымдастырылған жазғы лагерь қатысушыларына арнап шолу, тақырыптық және квест-экскурсиялар өткізуде.
Бүгін Астана қаласының Фариза Оңғарсынова атындағы №77 мектеп-гимназияның «Балдәурен» жазғы лагерінің оқушыларына Президенттік орталық музейінде «Қазақ елінің астаналары» тақырыбында квест-экскурсия ұйымдастырылды.
Іс-шара жас экскурсанттардың қазақ елінің астаналары туралы білімдерін тереңдетуге және кеңейтуге, елордаға сүйіспеншілік және отансүйгіштік сезімдерін тәрбиелеуге бағытталған.
Квест-экскурсия барысында жұмбақтар, ребустар, математикалық есептер арқылы оқушылар ойын форматында өз бетінше зерттеу жүргізуге, қажетті фактілерді іріктеуге және командада жұмыс істеуге дағдыланды.
https://www.facebook.com/reel/1677124256450893