

Аға буын азаматтарын қолдау, олардың қоғамның мәдени өміріне араласуына қолайлы жағдай жасау мақсатында Астана қаласы әкімдігінің Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының зейнеткерлері үшін Қазақстан Республикасының Президенттік орталығына баруы ұйымдастырылды.
Елордағы Алматы ауданының қарт тұрғындары үшін Президенттік орталықтың музейі бойынша экскурсия ұйымдастырылды. Оның барысында қонақтар Президенттік институттың призмасы арқылы Қазақстанның мемлекеттілігінің дамуы туралы баяндайтын экспозициялық материалдармен танысты.
https://www.instagram.com/reel/C-H9e0pMGXX/?igsh=MTNubDN6NDhvNnY1Zw==