
Қазақстан мен Өзбекстан прокуратуралары арасындағы ынтымақтастықты нығайту және дамыту мақсатында ағымдағы жылдың 24 шілдесі мен 26 шілдесі аралығында Астанаға Өзбекстан Республикасы Бас прокуратурасының делегациясы келді. Делегация сапар аясында Елорданың басты көрікті жерлерін аралап, оның ішінде Қазақстан Республикасының Президенттік орталығында қонақта болды.
Қонақтарға ҚР ПІБ Президенттік орталықта музейге экскурсия ұйымдастырылды. Өзбекстан Бас прокуратурасының қызметкерлері қазақ мемлекеттілігінің президенттік институт призмасы арқылы дамуын баяндайтын экспозиция материалдарымен танысты.
https://www.instagram.com/reel/C91cGLXi5Pu/?igsh=MXJuM2Vwd2puejl0YQ%3D%3D