«Қазақстан Республикасының Президенттік орталығы» РММ
010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Әлихан Бөкейхан көшесі, 1а,
Анықтама телефоны: 8(7172)693085, e-mail: kense@plibrary.kz
Экскурсия жұмысы қызметінің жетекші сарапшысы
Функционалдық міндеттері:
өзіне жүктелген міндеттердің уақытында және толыққанды іске асырылуын қамтамасыз ету; Президенттік орталықтың музейіне экскурсиялық топтардың келуін қамтамасыз ету; еңбек және орындаушылық тәртіпті сақтау; Президенттік орталықтың ішкі тәртібі шеңберінде басшылықтың талаптарын, нұсқаулықтарды, бұйрықтарды, регламенттер мен өзге де актілер талаптарын орындау; келушілердің әртүрлі жас және әлеуметтік топтарына қазақ, орыс, ағылшын және қытай тілдерінде экскурсиялар жүргізу; экскурсияның бақылау мәтініне сәйкес экскурсия жүргізу әдістемесін меңгеру; шолу экскурсиясының жеке мәтінін дайындау; экскурсия жүргізушінің жеке папкасын қалыптастыру; тұрақты экспозициялар мен уақытша көрмелер бойынша тақырыптық, көшпелі экскурсиялардың мәтіндерін әзірлеу; Қазақстан Республикасы Президентінің резиденциясы – «Ақорда» бойынша экскурсиялар жүргізу; экскурсияның бақылау және жеке мәтіндерін қоғамдық-саяси өзектендіруді жүргізу; шетелдік азаматтарға арналған экскурсияның бақылау мәтініне өзгерістер мен толықтырулар енгізу; экскурсиялардың жаңа тақырыптары мен маршруттарын әзірлеу; экскурсия түрлері, тақырыптық маршруттар және экскурсиялық коммуникацияның басқа да түрлері бойынша сараптамалық қорытынды дайындау; Қызметке жаңадан келген қызметкерлер үшін көрсетілім экскурсияларын жүргізу; жаңа қызметкерлердің экскурсияларын тыңдау; Астана қаласының мектеп оқушылары мен колледж студенттерінің музейге келу нәтижелері бойынша талдау жасау; Қызметтің перспективалық және ағымдағы жоспарларын әзірлеуге қатысу; Қызмет басшысына жылдық, жартыжылдық, тоқсандық және апталық жұмыс жоспарлары мен есептерін ұсыну; Президенттік орталықтың құрметті қонақтарына арналған Пікір-тілек кітабын бақылау, сараптама жүргізу, аудармамен қамтамасыз ету; Қызмет жұмысын Президенттік орталықтың басқа құрылымдық бөлімшелерінің, сондай-ақ тиісті орталық және жергілікті атқарушы билік органдарының, мәдени-білім беру мекемелерінің, ҮЕҰ-ның, экскурсиялық қызмет саласындағы қоғамдық ұйымдардың қызметімен үйлестіру; Президенттік орталық қызметінің бағытымен байланысты президенттік және мәдени орталықтар жұмысының озық тәжірибесін зерттеу, талдау жасау және оларды қолдану бойынша ұсыныстар дайындау; Ғылыми конференцияларға, семинарларға және Президенттік орталықтың ағарту жұмысына қатысу; экспозициялар мен көрмелерді, экскурсияларды БАҚ-та таныстыру; Қызмет басшысының, Президенттің орталық басшылығының өзге де тапсырмаларын орындау. Қызметтік және өндірістік қажеттілік мақсатында Қызметтің жетекші сарапшысы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жазбаша келісіммен мереке және демалыс күндері міндеттерді орындауға тартылуы мүмкін.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
Қызметтің жетекші сарапшысы лауазымына жоғары кәсіптік (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі (мәдениет және өнер, гуманитарлық, педагогикалық) және кемінде 5 жыл жұмыс өтілі бар адам тағайындалады.
Қызметтің жетекші сарапшысы музей ісі саласындағы қатынастарды регламенттейтін Қазақстан Республикасының заңдары мен өзге де нормативтік құқықтық актілерін; экскурсиялық қызметке қатысты әдістемелік құжаттарды; еңбек заңнамасының негіздерін; еңбекті ұйымдастыру және басқару негіздерін; жоспарлы-есептік құжаттаманы құрастыру тәртібін; музей ісі саласындағы отандық және шетелдік тәжірибені; басқаруды құжаттамалық қамтамасыз ету негіздерін; компьютерлік техниканы қолдану негіздерін; ішкі еңбек тәртібі ережелерін; еңбекті қорғау және өрт қауіпсіздігі ережелерін білуі тиіс. Сондай-ақ: Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасының 25.09.2023 жылғы № 10/282 регламенті; Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының азаматтық қызметшілері лауазымдарының тізілімі 04.12.2015 жылғы № 09/245; Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының «Қазақстан Республикасының Президенттік орталығы» республикалық мемлекеттік мекемесінің 08.09.2023 жылғы ережесі; «Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда электрондық құжат айналымы жүйелерін құжаттандыру, құжаттаманы басқару және пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің бұйрығы 2023 жылғы 25 тамыздағы № 236.
Мынадай құзыреттердің болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, парасаттылық, өзін-өзі дамыту, жеделдік, ынтымақтастық және өзара іс-қимыл, қызметті басқару.
Құжаттарды қабылдау мерзімі: конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейінгі келесі жұмыс күнінен бастап 3 жұмыс күні.
Жалпы конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар ұсынылады:
1) нысан бойынша өтініш;
2) объектив -анықтамасы;
3) білімі туралы құжаттар және оларға қосымшалар.