




Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының Президенттік орталығында Сараптамалық-тексеру комиссиясының кезекті отырысы өтті.
Отырыс барысында атқарылған жұмыстың қорытындылары туралы баяндама тыңдалып, 2003, 2009 жылдардағы тұрақты сақтаудағы электрондық фотоқұжаттардың тізімдемесі қаралды және бекітілді.
1317 парақтан тұратын 6 томдық тізімдемесі 9 сақтау бірлігінде 6051 есепке алу бірлігін қамтиды.
Сондай-ақ мұрағат қорын (фотоқұжаттар) 5 сақтау бірлігінде 2577 есепке алу бірлігі көлемінде толықтыру туралы мәселе қаралды.