Басты бетХалықаралық жобалар қызметінің жетекші ғылыми қызметкері

Халықаралық жобалар қызметінің жетекші ғылыми қызметкері

«Қазақстан Республикасының Президенттік орталығы» РММ

 

010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Әлихан Бөкейхан көшесі, 1а,

Анықтама телефоны: 8(7172)693085, e-mail: kense@plibrary.kz

 

Халықаралық жобалар қызметінің  жетекші ғылыми қызметкері

Функционалдық міндеттері:

 

жүктелген міндеттердің уақтылы және толыққанды орындалуын қамтамасыз ету; еңбек және атқарушы тәртібін сақтау; басшылық талаптарын, Президенттік орталығының ішкі тәртіп шеңберіндегі нұсқауларды, бұйрықтарды, регламенттерді және басқа актілерді орындау; Қазақстан Республикасының мемлекеттілігі мен президенттік институтының қалыптасуы мен өркендеу тарихын, саяси және әлеуметтік-экономикалық дамуын зерттеу; ішкі саяси және әлеуметтік-экономикалық процестерге қатысты материалдарды өңдеу және талдау үшін қазақстандық бұқаралық ақпарат құралдарына, мемлекеттік органдардың, қоғамдық-саяси ұйымдардың, Қазақстанның ғылыми орталықтарының ресми сайттарына мониторинг жүргізу; мемлекеттік саясаттың стратегиялық аспектілері тұрғысында Қазақстанның ішкі саяси және әлеуметтік-экономикалық өмірінің әртүрлі салаларында зерттеулерді, ғылыми-талдамалық сүйемелдеуді және ақпараттық-анықтамалық қолдауды жүргізу; Қазақстанның ішкі саяси және әлеуметтік-экономикалық дамуының өзекті мәселелері және осы бағыттардағы әлемдік тенденциялар туралы ғылыми мақалалар жариялау; қажет болған жағдайда Қазақстан Республикасындағы президенттік институттың қалыптасуы мен дамуына байланысты материалдарды жинау, талдау және жүйелеу; арнайы жобаларды әзірлеу және іске асыру, сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы президенттік институттың қалыптасуы мен дамуына байланысты имидждік материалдарды дайындау; Қазақстан Республикасы Президентінің стратегиялық бастамаларын және Қазақстан Республикасы экс-президенттерінің тарихи мұрасын кеңінен насихаттауға бағытталған әлеуметтік маңызы бар имидждік іс-шараларды, соның ішінде конференцияларды, дөңгелек үстелдерді, сараптамалық кездесулерді және т.б. бастамашылық ету және өткізу; ғылыми жұмыстарға (ғылыми жобалар, дипломдық жұмыстар, диссертациялық зерттеулер) рецензия жазу; Қызмет басшысы анықтаған, Қызмет әрекет ететін функционалды бағыттар шеңберінде (әлеуметтік-экономикалық, саяси, мәдени және ғылыми-білім беру салалары) ақпараттық материалдарды дайындау; басқа ұйымдармен бірлесіп, оның ішінде ағылшын, неміс және түрік тілдерінде ғылыми еңбектерді, жинақтарды және басқа да ғылыми басылымдарды дайындауға және редакциялауға қатысу; Қазақстан Республикасының және Президенттік орталықтың шетелдегі оң имиджін жақсартуға бағытталған бағдарламалар мен жобаларды әзірлеуге қатысу; Қызмет жұмыс жоспарын құруына қатысу, бекітілген жоспарлардың орындалғаны туралы есептемелерді дайындау, қызметтік корреспонденцияны қарастыру; өз құзыреті шегінде мемлекеттік, қызметтік құпияны құрайтын мәліметтерді қорғау шараларын сақтау; Қызмет басшысының, Президенттік орталық директорының, Президенттік орталық директорының Қызметтің қызметін үйлестіретін орынбасарының өзге де тапсырмаларын орындау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Жетекші ғылыми қызметкері лауазымына мамандығы бойынша (халықаралық қатынастар, тарих, экономика, мемлекеттік басқару, саясаттану, филология, аударма дело, аймақтану, философия) жоғары оқу орнынан кейінгі білімі (магистр) бар, жұмыс өтілі 5 жылдан кем емес (мамандығы бойынша жұмыс өтілі – 3 жылдан кем емес) ғылыми дәрежесі, мейілінше PhD академиялық дәрежесі (жұмыс орнына бірнеше кандидатты қарастыратын жағдайда басымдық ғылыми дәрежесі бар немесе PhD академиялық дәрежесі бар кандидатқа беріледі), ғылыми еңбектері мен әзірлемелері бар, ағылшын және басқа шет тілдерді еркін меңгерген тұлға тағайындалады.

Жетекші ғылыми қызметкер өз қызметінің ерекшелігі бойынша: Президенттік орталығының ішкі актілерін, еңбек заңнамасын, қызмет саласындағы нормативтік және құқықтық актілерді, Қазақстан Республикасында қабылданған стратегиялық құжаттарды, зерттеудің ғылыми әдістерін, халықаралық ынтымақтастық саласындағы басшылық материалдарды, жоғарыда аталған мәселелер бойынша отандық және шетелдік ақпаратты, зерттеулерді жоспарлау мен ұйымдастырудың заманауи әдістері мен құралдарын, мониторинг жүргізу, ішкі еңбек тәртібінің қағидаларын, өрт қауіпсіздігі талаптарын білуге тиіс.Сондай-ақ: Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасының 25.09.2023 жылғы № 10/282 регламенті; Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының азаматтық қызметшілері лауазымдарының тізілімі 04.12.2015 жылғы № 09/245; Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының «Қазақстан Республикасының Президенттік орталығы» республикалық мемлекеттік мекемесінің 08.09.2023 жылғы ережесі; «Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда электрондық құжат айналымы жүйелерін құжаттандыру, құжаттаманы басқару және пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің бұйрығы 2023 жылғы 25 тамыздағы № 236.

Мынадай құзыреттердің болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, парасаттылық, өзін-өзі дамыту, жеделдік, ынтымақтастық және өзара іс-қимыл, қызметті басқару.

 

Құжаттарды қабылдау мерзімі: конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейінгі келесі жұмыс күнінен бастап 3 жұмыс күні.

 

Жалпы конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар ұсынылады:

 

1) нысан бойынша өтініш;

2) объектив -анықтамасы;

3) білімі туралы құжаттар және оларға қосымшалар.