


Қазақстан Республикасы Президенттікорталығының Ғылыми кеңесінің кезекті отырысыөтті. Кеңес мүшелерінің қарауына ғылыми-зерттеу, экспозициялық-көрме және ғылыми-қоржобаларын іске асыру шеңберінде дайындалғанматериалдар ұсынылды.
«Аталар дәстүріне адалдық» мәдени-ағартужобасының тұжырымдамасын бекіту туралымәселе бойынша Мәдени-білім беру жобаларықызметінің басшысы Исинова Күнсұлу жәнеЭкскурсия жұмысы қызметінің жетекші сарапшысыСартаева Әйгерім сөз сөйледі. Баяндамашылар мәдени-ағарту жобасының тұжырымдамасы қазақстандық мемлекеттіліктің барлық кезеңдерінің ерекшеліктерін және Отан тарихындағы маңызды оқиғаларды ашуға, ұлттық рухани құндылықтар мен мәдени мұраны насихаттауға, өскелең ұрпақтың бойында өмір жолы мен көрнекті тарихи тұлғалардың жасампаз істері мысалында патриоттық рухты қалыптастыруға бағытталғанын атап өтті.
Ғылыми кеңес мүшелері «Тастың ғажайып әлемі» музей коллекцияларының каталогын басып шығаруға дайындық мәселесін қарады.
– Каталогта алғаш рет Қазақстан Республикасы Президенттік орталығының музейлікжиналысының кәдесый бұйымдары топтамасынан «Материал: тас» экспонаттарының тақырыптық тобы бойынша ғылыми-анықтамалық ақпаратты жүйелеу нәтижесі ұсынылды. Бұл каталогқа агат, гранит, лазурит, малахит, нефрит және басқа да тастан жасалған 60-тан астам экспонаттар кірді. Мұнда музей экспонаттарының бірқатар мәліметтері берілген: түсу кітабының нөмірі, атауы, материалы, техникасы, сыйлаушы, жылы және т.б., – деп атап өтті директордың орынбасары Ботагөз Қайыпова.
Жан-жақты талқылау өтті. Барлық ұсынылған материалдар ҚР Президенттік орталығының қызметкерлері жүргізген үлкен зерттеу жұмыстарының нәтижесі болып табылады.