






20 маусымда ҚР ПІБ Президенттік орталығында«Құқық бұзушылықтың алдын алу: заңға қарсыәрекеттерге нөлдік төзімділік қағидатының негізі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
Шараны Президенттік орталық пен Парламентаризм институты ұйымдастырды.
Президент Қ. К. Тоқаевтың сайлауалдыбағдарламасында «Әділетті Қазақстан: бәріміз жәнеәрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым» құқықбұзушылықты алдын алу жүйесінің тиімділігінарттыру, азаматтардың құқықтық тәртіпті қамтамасызету жөніндегі шешімдерді әзірлеуге қатысуын кеңейтуміндеті қойылған болатын.
Аталған міндетке қол жеткізу мақсатында қазір ҚР Үкіметі құқық бұзушылықтардың алдын алу туралызаң жобасын әзірлеуде, ол қолданыстағы бес заңдыбіріктіреді – «Құқық бұзушылықтардың алдын алутуралы», «Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алутуралы», «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтардың алдын алу туралы, балалардыңқадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алутуралы», «Бас бостандығынан айыру орындарынанбосатылған адамдарды әкімшілік қадағалау туралы», және «Азаматтардың қоғамдық тәртіпті қамтамасызетуге қатысуы туралы». Ал Парламентаризм институты құжатқа өзінің түзетулері мен ұсыныстарындайындайды.
Дөңгелек үстелге қатысушылар – Парламент депутаттары, мемлекеттік органдардың өкілдері, сарапшылар мен ғалымдар атап өткендей, құқықбұзушылықтың алдын алу саласында бірыңғай заңәзірлеуге уақыт келді. Заңның қабылдануы халықтыңқұқықтық қорғалуын жақсартады және құқық қолданутәжірибесін жеңілдетеді. Онда жауапты органдардыңқұзыреттері, ведомствоаралық үйлестіру тетіктері жәнеқұқық бұзушылықтардың алдын алу құралдары нақтыжазылуы керек.
«Бүгін Президенттік орталықта, өте маңызды аса ауқымды мәселе төңірегінде пікір алмасу өтетініне ризашылығымды білдіргім келеді. Құқық бұзушылықтың алдын алу мәселелері қылмыспен күрестің, жалпы құқық бұзушылықпен күрестің, ең басты бағыттарының бірі екенін айрықша атап өткім келеді. Мемлекет басшысы атап айтқандай, заң мен тәртіп – әділетті қоғам құрудың негізгі тірегінің бірі.Азаматтардың басым көпшілігі заңдылықты мүлтіксіз сақтау мен қоғам тәртіпті барынша нығайту жолында жұдырықтай жұмылған ғана қоғамда әділдік деңгейі жоғарылайтын болады. Әрбір азаматтың кез келген құқық бұзушылыққа бей-жай қарамай, немқұрайлыққа жол бермеуі аса маңызды. Мұның бәрі қоғам өмірінің бұлжымас нормасына айналуы тиіс. Бұл сөзбен айтқанда құқық бұзушылықтың кез келген түріне мүлде төзбейтін әрі оны қатаң айыптайтын жағдай қалыптасу қажет», - деді Қазақстан Республикасы Президенттік орталығы директорының орынбасары Серік Сыдықов.
Парламентаризм институтының норма шығару жөніндегі атқарушы директоры Алмас Қанатов елдің қауіпсіздік деңгейі оның дамуының негізгі өлшемдерінің бірі болып табылатынын атап өтті.
Дөңгелек үстелге қатысушылар заң жобасынан бөлек, 2024-2028 жылдарға арналған қоғамдық қауіпсіздіктің жаңа тұжырымдамасын талқылады. (құқық бұзушылықтың алдын алу саласында) жұмыстың басым бағыттарын айқындайды.
Тұжырымдамада азаматтардың жеке, мүліктік және қоғамдық қауіпсіздікті сезіну деңгейін 80,5%-ға дейін арттыру сияқты қоғамдық қауіпсіздіктің көрсеткіштері айқындалған; жаһандық бейбітшілік индексіндегі позицияны 97-ден 65-ке дейін жақсарту; полицияға деген сенімді 83%-дан жоғары деңгейге дейін арттыру; «Тәртіп және қауіпсіздік» факторы бойынша елдің позициясын 35-орынға көтеру арқылы WJP Заң үстемдігі индексі бойынша 40 үздік елдің қатарына кіру, жол қозғалысы қауіпсіздігі бойынша ДДҰ рейтингін 70-орынға дейін жақсарту.
Сондай-ақ А.Қанатов еліміздің қауіпсіздік деңгейі оның дамуының басты критерийлерінің бірі екенін атап өтті.
Парламентаризм институтының сарапшысы, з.ғ.д. Әлібек Темербеков өз сөзінде кейбір тарихи аспектілер мен құқық бұзушылықтың алдын алу жай-күйіне тоқталды.
ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің алдын алу қызметі басқармасының бастығы Руслан Қаржасбеков«құқық бұзушылықтың алдын алу туралы» ҚР Заңы жобасының нормаларына егжей-тегжейлі тоқталды.
«Астана» Халықаралық университетінің доценті Ержан Жамбаев өз сөзін азаматтардың қоғамдық тәртіпті сақтауға Қатысу нысаны ретінде құқық бұзушылықтың алдын алуға арнады.
Дөңгелек үстелге Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдері, сарапшылар мен ғалымдар қатысты.
Дөңгелек үстелдің қорытындысы бойынша қалыптасқан ұсынымдар одан әрі қарау үшін уәкілетті мемлекеттік органдарға және Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен Сенатына жолданатын болады.