




Отырыс барысында Комиссия мүшелері Экскурсия жұмысы қызметіне жаңадан келген мамандардың ҚР Президенттік орталық музейі бойынша шолу экскурсияларын, сондай-ақ «Жануарлар әлемінде» атты көрме бойынша тақырыптық экскурсиялардың мәтіндерін тыңдап, талқылады.
Күн тәртібінде тұрған келесі мәселе – мәдени-ағартушылық жобаны тұжырымдамасы талқыланды.
Әдістемелік комиссия экскурсиялық қызметті және келушілермен жұмысты ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету жөніндегі кеңесші орган болып табылады.
Оның құрамы ҚР Президенттік орталықтыңэкскурсиялық-бұқаралық, музей қоры, экспозициялық-көрмелік, ағарту-білім берубағыттары бойынша тәжірибелі жетекші мамандарынан тұрады.