Басты бетҚР ПІБ Президенттік орталығы ұйымдастырған семинар-тренингінің тыңдармандары «Алжир» мемориалдық...

ҚР ПІБ Президенттік орталығы ұйымдастырған семинар-тренингінің тыңдармандары «Алжир» мемориалдық мұражай кешеніне барды

ҚР ПІБ Президенттік орталығы ұйымдастырған семинар-тренингінің тыңдармандары «Алжир» мемориалдық мұражай кешеніне барды ҚР ПІБ Президенттік орталығы ұйымдастырған семинар-тренингінің тыңдармандары «Алжир» мемориалдық мұражай кешеніне барды ҚР ПІБ Президенттік орталығы ұйымдастырған семинар-тренингінің тыңдармандары «Алжир» мемориалдық мұражай кешеніне барды ҚР ПІБ Президенттік орталығы ұйымдастырған семинар-тренингінің тыңдармандары «Алжир» мемориалдық мұражай кешеніне барды ҚР ПІБ Президенттік орталығы ұйымдастырған семинар-тренингінің тыңдармандары «Алжир» мемориалдық мұражай кешеніне барды ҚР ПІБ Президенттік орталығы ұйымдастырған семинар-тренингінің тыңдармандары «Алжир» мемориалдық мұражай кешеніне барды

Астана Халықаралық университетіпедагогикалық колледжінің және Астана қаласы Басқару колледжінің 57 студенті 2023-2024 оқу жылындағы «Әділетті қоғам – Адал азамат»семинар-тренингінің соңғы тыңдаушылары болды.

Жастар «Әділеттілік: тұжырымдамалыққағидаттары. Қазақстандық қоғамның әлеуметтік-мәдени идеалдары. Жаңақұндылықтарды қалыптастыру мәселелері» және «Әділетті Қазақстан: жасампаздық жолында»тақырыптары бойынша дәрістер тыңдады, ал тренингтер барысында қолданбалы әлеуметтік бағдарланған жобаларды әзірлеуді және таныстыруды үйренді. Сонымен қатар, студенттер стандартты емес шешімдер арқылы шығармашылық тапсырмалар мен дауларды шешу үшін «ой-талқы әдісін» қолдану және ойды шоғарландыру дағдыларын меңгерді.

Офлайн тыңдаушылар үшін дәстүрлі түрде ҚР Президенттік орталықтың музейі мен ҚР Ұлттық музейіне экскурсиялар ұйымдастырылды.

Семинар-тренингтің екінші күні 31 мамырға – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне тұспа-тұс келгендіктен, іс-шарағақатысушылардың Ақмола кентінде орналасқан «Отанын сатқандардың әйелдерінің» Ақмола лагері» деген қасіретті атауға ие болған «АЛЖИР»мемориалдық мұражай кешеніне сапарын ұйымдастыру туралы шешім қабылданды. Онда әр жылдары 18 мыңнан астам әйел тұтқында болған.Олардың бар айыбы – тек тұтқындалған, атылған «халық жауларының» әйелдері болғандығы еді.

Мұнда Азиза Рысқұлова мен оның анасы Арифа Есенқұлова, Дамеш Жүргенева, Рабиға Асфендияров, әнші Лидия Русланова, мылқау кино актрисасы Лидия Френкель, жазушы Галина Серебрякова, атылған Маршал Михаил Тухачевскийдің отбасынан шыққан әйелдер, Булат Окуджава мен Майя Плисецкаяның аналары және басқа да көптеген саяси себептермен кеңес уақытында қуғын-сүргінге ұшыраған танымал мемлекеттік, саяси және қоғам қайраткерлерінің әйелдері тұтқында болды.

Музей бойынша экскурсия барысында студенттер «АЛЖИР» тұтқындарының қиын өмірі туралы мағлұмат алып, бақылаушылардың жабдықтары, тұтқындар тұрған казармалардың макеттері, олардың фотосуреттері, жеке заттарысияқты мұражай экспонаттарымен танысты.

«АЛЖИРГЕ» бару өте эмоционалды және мазмұнды болды. Онда ұсынылған экспонаттар менің бойымда терең жанашырлық пен сол жылдардағы қатыгездік пен әділетсіздік туралы хабардарлық сезімдерін тудырды. Болашақта мұндай жағдайдың қайталануына жол бермеу үшін біз халқымыздың тарихындағы бұндай ауыр беттерін біліп, есте сақтауымыз керек», - деді Астана Халықаралық университеті педагогикалық колледжінің студенті Зарина Еркебұланова.