Басты бетҮш облыстың жоғары сынып оқушылары семинар-тренинг бағдарламасы бойынша оқытудан өтті

Үш облыстың жоғары сынып оқушылары семинар-тренинг бағдарламасы бойынша оқытудан өтті

Үш облыстың жоғары сынып оқушылары семинар-тренинг бағдарламасы бойынша оқытудан өтті Үш облыстың жоғары сынып оқушылары семинар-тренинг бағдарламасы бойынша оқытудан өтті Үш облыстың жоғары сынып оқушылары семинар-тренинг бағдарламасы бойынша оқытудан өтті Үш облыстың жоғары сынып оқушылары семинар-тренинг бағдарламасы бойынша оқытудан өтті Үш облыстың жоғары сынып оқушылары семинар-тренинг бағдарламасы бойынша оқытудан өтті

ҚР ПІБ Президенттік орталығында Жетісу мен Ұлытау және Атырау облыстарының жалпы білім беретін мектептерінің 9-11 сынып оқушылары«Әділетті қоғам – Адал азамат» семинар-тренинг бағдарламасы бойынша онлайн-оқытудан өтті.

Тыңдаушылардың пікірінше, семинар тақырыбы олар үшін өте қызықты, ал ақпарат – танымдық болған.

Жезқазған қаласындағы №22 мектебінің 9-сынып оқушысы Александр Лаврентьев семинар оның ой-өрісін кеңейтуге және сыни ойлауды дамытуға көмектескенін, сондай-ақ оған оқытудың әртүрлі әдістері: дәрістер, пікірталастар, практикалық тапсырмалар, тренингтер, презентациялар, топтық жұмыстар ұнағанын атап өтті.

Сарқан ауданының Ақын Сара атындағы ортамектебінің оқушылары Еркежан Мәукен мен Алижан Амангелді екі күн бойы ұсынылған тақырыптарды зерделеп, басты қорытындыға келген: кез келген проблеманы ашық айту керек және оны шешудің ең жақсы жолдарын бірге табу қажет. Сондай-ақ жасөспірімдерқазақстандықтардың жас буынының бойында ұлттық әрі жалпыадамзаттық құндылықтарды, азаматтық рух пен отансүйгіштікті қалыптастыру мен дамытуға арналған семинар-тренингтің маңыздылығына тоқталды. 

Атырау қаласының «Сармат»мамандандырылған әскери мектеп лицей-интернатының педагогы Мақсотова Ләйлі Науайқызы жоғары сынып оқушыларын Қазақстан Республикасы Президенттік орталығының бірегей бағдарламасы бойынша оқыту болашақта сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендетуге ықпал ететініне және «адал азамат» пен әділ қоғамды қалыптастыру үшін аса маңызды екеніне сенім білдірді.