Конкурс өткізу туралы хабарландыру
«Қазақстан Республикасының Президенттік орталығы» РММ
010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Әлихан Бөкейхан көшесі, 1а,
Анықтама телефоны: 8(7172)693085, e-mail: kense@plibrary.kz
Директордың кеңесшісі (уақытша, негізгі қызметкердің бала күтімі бойынша демалыста жүрген кезеңіне)
Функционалдық міндеттері:
өзіне жүктелген міндеттердің уақтылы және толыққанды іске асырылуын қамтамасыз ету; еңбек және атқарушылық тәртіпті сақтау және сақталуын бақылау; Президенттік орталық қызметінің ішкі тәртібі шеңберінде басшылық талаптарын, нұсқаулықтарды, бұйрықтарды, регламенттерді және өзге де актілерді орындау; Президенттік орталық басшылығының актілері мен тапсырмаларын уақтылы және толық орындау; ғылыми-зерттеу, мәдени-білім беру, экспозициялық қызмет; өз құзыреті шегінде Президенттік орталықтың Ғылыми кеңесінің жұмысына қатысады, Президенттік орталықтың ғылыми-зерттеу, мәдени-ағарту қызметі саласында жария іс-шараларды дайындау мен өткізуді үйлестіреді; өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарымен, отандық және шетелдік ұйымдармен және бұқаралық ақпарат құралдарымен ынтымақтастықты жүзеге асырады, дайындықты, уақтылы және толыққанды бақылауды қамтамасыз етеді, Президенттік орталық директоры берген хаттамалық тапсырмаларды орындау; құжаттардың жобаларын, Президенттік орталық директорының сөз сөйлеулерін дайындауға қатысады, ведомстволық мұрағаттың ЭК жұмысына қатысады; тиісті қызметтермен бірлесіп іс-шараларды өткізу кезінде хаттамалық-ұйымдастыру нормаларын сақтау тәртібін реттейді; өз құзыреті шегінде Президенттік орталық директорының тапсырмаларын орындайды; Президенттік орталық директорының тапсырмаларын Президенттік орталық қызметкерлеріне жеткізеді, олардың орындалуын бақылауды жүзеге асырады, өз құзыреті шегінде; Президенттік орталық директорының тапсырмаларын орындау мәселелері бойынша Президенттік орталықтың басқа қызметкерлерімен өзара іс-қимыл жасайды; Президенттік орталық директорының шешімі бойынша басшылық деңгейіндегі жұмыс топтарының жұмысына қатысады; өз құзыреті шегінде Президенттік орталықтың қызметкерлерін іріктеу және көтермелеу бөлігінде кадр мәселелері бойынша ұсыныстар енгізеді; қажет болған жағдайда құжаттардың, жазбалардың, мәліметтердің жобаларын дайындайды, Президенттік орталық директорының атына; өз құзыреті шегінде проблемалық сәттер бойынша Президенттік орталықтың директорын хабардар етеді; Президенттік орталық директорына орталық, жергілікті мемлекеттік органдармен және квазимемлекеттік сектор субъектілерімен жұмыс байланыстарын орнатуға жәрдемдеседі; Президенттік орталық директорымен оның іскерлік кездесулерінде (онымен келісім бойынша) бірге жүреді; Президенттік орталық директорының өзге де тапсырмаларын орындайды.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
Директордың кеңесшісі лауазымына жоғары құқықтық білімі және 5 жылдан кем емес басшылық лауазымдық еңбек өтілі бар тұлғалар қабылданады.
Директордың кеңесшісі - Қазақстан Республикасының заңнамалық, өзге де нормативтік құқықтық актілері және Президенттік орталықтың қызметін регламенттейтін әдістемелік материалдар, персоналды басқару жөніндегі әдістемелік материалдар, Президенттік орталықтың бейіні, мамандануы және құрылымының ерекшеліктері, ұйымдастыру стратегиясы, болжамдар жасау тәртібі, іс жүргізуді ұйымдастыруға қатысты жоғары тұрған және басқа органдардың қаулылары, өкімдері, бұйрықтары және басқа да басшылық және нормативтік құжаттары. Сондай-ақ: Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасының 25.09.2023 жылғы № 10/282 регламенті; Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының азаматтық қызметшілері лауазымдарының тізілімі 04.12.2015 жылғы № 09/245; Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының «Қазақстан Республикасының Президенттік орталығы» республикалық мемлекеттік мекемесінің 08.09.2023 жылғы ережесі; «Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда электрондық құжат айналымы жүйелерін құжаттандыру, құжаттаманы басқару және пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің бұйрығы 2023 жылғы 25 тамыздағы № 236; Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының ведомстволары мен ведомстволық бағынысты ұйымдарының персоналды басқарудың 2022 жылғы 30 наурыздағы № 10/73 2022-2024 жылдарға арналған бірыңғай стратегиясы.
Құжаттарды қабылдау мерзімі: конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейінгі келесі жұмыс күнінен бастап 3 жұмыс күні.
Жалпы конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар ұсынылады:
1) нысан бойынша өтініш;
2) объектив -анықтамасы;
3) білімі туралы құжаттар және оларға қосымшалар.