Басты бетҚұрметті отандастар!

Құрметті отандастар!

Құрметті отандастар!

Сіздерді татулық пен келісімнің нұрына малынған 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! 
    Бұл күні біз баға жетпес байлығымызды – туған ел игілігі жолындағы ырысты ынтымағымызды, Отанға деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімімізді, азаматтық борыш пен жалпы ұлттық келісімімізді дәріптейміз. 
    Қазақтың байтақ даласы бүгінде 130-дан  артық  ұлт өкілдеріне отан болып тұр. Осы ұлттардың әрқайсысы бірегей таптырмас қасиеттерге ие, дегенмен «діні басқа, тілі басқа, тілегі бір» ортақ шаңырақ астында жиналған баршамыз – тату-тәтті өмір сүретін бір халықпыз.
    Мен қазақ, орыс, неміс, өзбек ұлт өкілдері аралас тұрған бала кезімдегі сүйікті ауламды үлкен жылулықпен еске аламын. Бірге өткізген қызықты сәттеріміз әлі күнге дейін көз алдымда қалды. Бір-біріміздің әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлерімен танысып, мерекелерімізді бірге тойладық. Наурызда бауырсақ пен көже пісірілсе, Масленица кезінде дәмді құймақтар әзірленіп, көршілер бір-бірін қонаққа шақырған. Осылайша біз мәдени және рухани құндылықтарымызбен өзара алмастық.    
    Бүгінгі таңда біз достық пен өзара сыйластықтың осы игі құндылықтары мен дәстүрлерін сақтап отырып, көбейткеніміз аса бағалы.
Баршаларыңызға, әр отбасына, әр қазақстандыққа шынайы көңілмен бақыт-береке тілеймін. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын. Қазақстан халқы өркен жайып, мемлекетіміз – молшылыққа, ал әрбір шаңырақ бақыт пен шаттыққа кенелсін!
Қазақстан халқының бірлігі мерекесі құтты болсын, ағайын!


Құрметпен,

Қазақстан Республикасы
Президенттік орталығының
директоры
Бақытжан ТЕМІРБОЛАТ