Басты бетӨзекті, мазмұнды, мотивацияға толы «Әділетті қоғам – Адал азамат» семинар-тренингі

Өзекті, мазмұнды, мотивацияға толы «Әділетті қоғам – Адал азамат» семинар-тренингі

Өзекті, мазмұнды, мотивацияға толы «Әділетті қоғам – Адал азамат» семинар-тренингі Өзекті, мазмұнды, мотивацияға толы «Әділетті қоғам – Адал азамат» семинар-тренингі Өзекті, мазмұнды, мотивацияға толы «Әділетті қоғам – Адал азамат» семинар-тренингі Өзекті, мазмұнды, мотивацияға толы «Әділетті қоғам – Адал азамат» семинар-тренингі

М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті, Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті (Алматы), Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті (Ақтау), С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті (Өскемен қ.) студенттеріне «Әділетті қоғам – Адал азамат» семинар-тренингі өткізілді. Әр өңірдегі 125 жас онлайн-форматтың арқасында ҚР ПІБ Президенттік орталығының жетекші ғылыми қызметкерлері мен аға сарапшыларынан білім алды.

Екі күндік мазмұнды дәрістер мен практикалық тренингтерден кейін қатысушылар алған әсерлерімен бөлісті.

Dulaty University студенті Аиша Мұхамеджан вебинар патриоттық сезімді оятып, ел дамуына үлес қосуға деген ұмтылысты арттырғанын атап өтті.

Amanzholov University-нен Бекарыс Нұрамхан өз пікірінде студенттерді қызықтырып, ынта-жігерін оятып, олардың болашағы мен ұрпақ игілігі жолында жетістіктерге жетуге ынталандыра білген дәріскерлер мен қызметкерлердің жоғары деңгейі туралы жазған. 

ҚазҰАУ студенті Жансая Зекеноваға өзекті дәрістер, жанды қарым-қатынас форматы, басқа қалалардан келген қатысушылармен пікір алмасу, практикалық сабақтар барысында жасалған қызықты жобалар ұнаған.

Yessenov University Жастарды әлеуметтік қолдау және дамыту басқармасының қызметкері Кеңесбай Қосмағанбетов ұйымдастырылған семинар-тренинг үшін алғыс айтып, оның мазмұндылығын және студенттер үшін танымдылығын ерекше атап өтті.