Басты бетПрезиденттік орталығындағы тарихи - танымдық кеш

Президенттік орталығындағы тарихи - танымдық кеш

Президенттік орталығындағы тарихи - танымдық кеш Президенттік орталығындағы тарихи - танымдық кеш Президенттік орталығындағы тарихи - танымдық кеш Президенттік орталығындағы тарихи - танымдық кеш Президенттік орталығындағы тарихи - танымдық кеш Президенттік орталығындағы тарихи - танымдық кеш Президенттік орталығындағы тарихи - танымдық кеш Президенттік орталығындағы тарихи - танымдық кеш Президенттік орталығындағы тарихи - танымдық кеш Президенттік орталығындағы тарихи - танымдық кеш

Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы Президенттік орталығында Қазақ әдебиетінің айтулы тұлғалары, алаш  арыстары  Жүсіпбек Аймауытов, Бейімбет Майлин, Сәкен  Сейфуллиннің мерейтойларына орай «Ұраным, қорғаным сен, Алаш!» атты тарихи - танымдық кеш өтті.

Іс-шараға ғылыми-зерттеу мекемелерінің өкілдері, еліміздің жоғары оқу орындарының ғылыми қызметкерлері, ҚР Журналистер одағының мүшелері, мәдениет саласындағы ақындар, сазгерлер, ақындар айтысы мен жыр мүшәйраларының жүлдегерлері, Смағұл Сәдуақасұлы атындағы № 78  мектеп - гимназиясының талантты оқушылары қатысты.

«Қазақстан тәуелсіздігінің негізін ХХ ғасырдың басында «Алаш» қозғалысының қайраткерлері қалаған. Алашордалықтар көтерген және шешкен мәселелердің ауқымы орасан зор. Бұл тіл менмәдениет, мемлекеттік шекара, аграрлық мәселелер және тағы басқалар. Олардың Қазақстанның өз мемлекеттілігін алуына қосқан үлесі баға жетпес. Алайда, бұл қозғалыстың тарихы мен оның рухани мұрасы әлі де егжей-тегжейлі зерттеуді қажет етеді. Бүгінгі іс-шара ұлт жадында өшпес із қалдырған «Алаш» қозғалысын одан әрі зерттеуге ықпал етеді деп үміттенеміз», - деп атап өтті ҚР ПІБ Президенттік орталығы директорының орынбасары Дулат Жүкенов. 

​Іс-шара барысында кеш қонақтары поэзия, музыкалық нөмірлер және театрландырылған қойылымдар арқылы қазақ әдебиетінің көрнекті қайраткерлері - алашордалықтардың еңбектерімен танысты.

​Сондай-ақ, тарихи-ағарту кешін өткізу аясында «Алаш» қоғамдық-саяси ұлт-азаттық қозғалысының қызметіне арналған Президенттік орталықтың кітапхана қорынан арнайы кітап көрмесі ұйымдастырылды.