Басты бетҚР Президенттік орталығында «Жоспарлау. Іздену. Талдау» педагогикалық идеялар шеберханасы ұйымдас...

ҚР Президенттік орталығында «Жоспарлау. Іздену. Талдау» педагогикалық идеялар шеберханасы ұйымдастырылды

ҚР Президенттік орталығында «Жоспарлау. Іздену. Талдау» педагогикалық идеялар шеберханасы ұйымдастырылды ҚР Президенттік орталығында «Жоспарлау. Іздену. Талдау» педагогикалық идеялар шеберханасы ұйымдастырылды ҚР Президенттік орталығында «Жоспарлау. Іздену. Талдау» педагогикалық идеялар шеберханасы ұйымдастырылды ҚР Президенттік орталығында «Жоспарлау. Іздену. Талдау» педагогикалық идеялар шеберханасы ұйымдастырылды ҚР Президенттік орталығында «Жоспарлау. Іздену. Талдау» педагогикалық идеялар шеберханасы ұйымдастырылды

Қазақстан Республикасының Президенттікорталығы Астана қаласы әкімдігінің Әдістемелікорталығымен бірлесіп «Жоспарлау. Іздену. Талдау» педагогикалық идеялар шеберханасын өткізуде.

Іс-шараның мақсаты – тарих пәнін оқытудағылыми өзекті мәселелерді талқылау жәнеәдістемелік тәжірибе алмасу.

ҚР Президенттік орталығы директорының орынбасары Серік Сыдықов сөзінше қазіргі жаһандану дәуірінде төл тарихын біліп, ұлттық құндылықтарын ұрпақ санасына сіңіре алған ел ғана мемлекет ретінде сақталып қала алатынына көз жеткізіп отырмыз. Сондықтан бүгінгі шеберхана жұмысы аясында алпауыт мемлекеттердің құлқынында жұтылып кетпеу үшін жаңа сападағы ұрпақты тәрбиелеу, бәсекеге қабілетті мемлекетті қалыптастыру үшін не істемек керек деген сұраққа жауап іздемекпіз. 

«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ Үздіксіз дамуды қамтамасыз ету департаментінің директоры Гулияш Ниязованыңайтуынша, жаңа буын оқытушыларының маңызды қасиеттерінің бірі – аса белсенділік. Мұғалім әрдайым жаңа білім, тәсілдер мен әдістерді іздеуде болуы керек, ал педагогикалық идеялар шеберханасы сияқты іс-шараларға қатысу – бұл өз қызметіне прогрессивті бастама әкелудің тамаша мүмкіндігі.

Өз кезегінде, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ педагогика кафедрасының профессоры КалиябануКертаева мемлекеттік тілді меңгерудің маңыздылығы мен қажеттілігіне баса назар аударып, онсыз ұлттық сананы сақтау және одан әрі нығайту мүмкін емес екенін атап өтті.

Пленарлық отырыста Ыбырай Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы Қоғамдық-гуманитарлық ғылымдар зертханасының меңгерушісі А. Архыматаева, Қазақстан-Беларусьғылыми-техникалық ынтымақтастық орталығының директоры Ж. Қалиев, ардагер-әдіскер Д. Әмірғалиева, сондай-ақ педагог-шеберлер К.Рақымжанов, Г. Серікбаева, М. Тоғтаухан сөз сөйледі.

Сонымен қатар, бірінші күннің бағдарламасына ҚР Президенттік орталығының музейі бойынша экскурсиялар да кірді. Оның барысында семинар қатысушылары тарих сабақтарында музей экспонаттарын пайдалану мүмкіндігін көрсететін Президенттік орталықтың «Батырлар институты: салт-дәстүр, мәртебе және қару» және «Қазақтың музыка өнері» атты тақырыптық музей сабақтарымен таныстырылды. 

Республикалық семинардың екінші күні елордалық Quantum STEM School мектебінде келесі секциялық отырыстар бойынша өтеді:

• Музейдің білім кеңістігіндегі рөлі.

• Авторлық бағдарлама: ізденістен нәтижеге дейін

• Құндылықтар және ұрпақ тәрбиесі.

• Жоба жазудағы ерекшеліктері

• Эмпирикалық зерттеу әдістері.

Секциялық отырыстардың қорытындысыбойынша жеңімпаздар анықталып, оларғадипломдар мен алғыс хаттар табыс етіледі, барлыққатысушылар сертификаттар алады.

Республикалық семинарға барлығы 300-ге жуық орта білім беру мекемелерінің тарихшымұғалімдері қатысуда.