


Қазақстан Республикасы Президенттік орталығының қызметкерлері Барлыбек Сырттанұлы атындағы №34 орта мектеп оқушыларына көшпелі музей сабағын өткізді.
Сабақ оқушылардың Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы білімдерін тереңдетуге, танымдық қызығушылықтарын дамытуға, ой-өрісін кеңейтуге, Қазақстанның мемлекеттік рәміздеріне құрметпен және құнттап қарауға тәрбиелеуге, патриотизм мен азаматтық сананы дамытуға бағытталған.
Сабақ барысында дәріскер оқушыларды Қазақстан Республикасының Мемлекеттік атрибутының жасалу тарихымен таныстырды. Елтаңба мен тудың элементтері мен бейнелерінде, халық пен елдің тарихын көркем бейнелейтін әнұран мәтініндегі терең мағынаға баса назар аударылды. Президенттік орталықтың қорынан алынған архивтік фото және бейнематериалдар, сондай-ақ музейлік артефактілер көрнекілік ретінде қолданылды.
Дәріс соңында оқушылар топтарға бөлініп тапсырмаларды орындап, өз ойларын ортаға салып, пікір алмасты.