Басты бетҚымбатты қазақстандықтар!

Қымбатты қазақстандықтар!

Қымбатты қазақстандықтар!

Сіздерді Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймын!

​Наурыз – жылдың басы, күн мен түннің теңелер шағы. Тамырын тереңнен тартқан осынау мейрам – береке мен бірліктің, тазалық пен татулықтың тұғырын нығайтып, риясыз шаттық пен қуанышқа кенелтер ұлы мереке.

​Алғаш рет Наурыз мейрамын 1980-шы жылдардың аяғында Алматыда мектепте оқып жүргенде көргенмін. Бұл күн әлі де есімде. Себебі соңғы рет 1926 жылы тойланған Наурыз мейрамы Кеңес үкіметі тарапынан ескінің сарқыншағы делініп, атап өтуге тыйым салынды. Елімізде бұл мереке 1988 жылдан бастап қана қайта тойлана бастады.

​Сол кезде бірінші рет наурыз көженің дәмін татып, киіз үй мен дәстүрлі қазақ киімдерінің сұлулығына сүйсіне қарап, ежелден келе жатқан ұлттық ойын-сауықтарына қатысып көргенмін.

​Көне құндылықтарымызды сақтап, ұлттық дәстүрімізді жаңғыртатын Наурыз мейрамы еліміздің тәуелсіздік жаршысының бірі болды десек те артық емес.

​Бүгінде Наурыз – ұлтымыздың рухани ерекшеліктерінің ұлылығын көрсететін жаһандану дәуірінде ұрпақ сабақтастығын сақтау қасиетке ие жалпыхалықтық мереке.

Осы тамаша мейрам жүректеріңізге ізгілік нұрын төгіп, отбасыларыңызға құт-береке, зор қуаныш әкелсін. Ақ мол болсын, ұлыс оң болсын, ырыс көп болсын, ағайын!

 

Ізгі тілікпен,

Қазақстан Республикасы

Президенттік орталығының

директоры 

Бақытжан ТЕМІРБОЛАТ