Басты бетӘділеттілік – жалпыадамзаттық құндылық

Әділеттілік – жалпыадамзаттық құндылық

Әділеттілік – жалпыадамзаттық құндылық Әділеттілік – жалпыадамзаттық құндылық Әділеттілік – жалпыадамзаттық құндылық Әділеттілік – жалпыадамзаттық құндылық

ҚР Президенттік орталықта Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің (Алматы қ.), Қарағанды индустриалды университетінің (Теміртау қ.) және Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің 66 студентіне онлайн-форматта «Әділетті қоғам – Адал азамат» семинар-тренингі өтті.
Екі күн бойы Қазақстанның әр өңіріндегі жастар Президенттік орталықтың жетекші ғылыми қызметкерлері мен сарапшылары дайындаған дәрістерді тыңдап, практикалық тренингтерге қатысты.  
«Ең бастысы, семинар барысында жаңа білім алып, барлық қызықтырған сұрақтарға жауаптар беріліп, сондай-ақ мемлекетіміздің жолы мен бағыты көрсетілді», - деп ҚарИУ Тәрбие жұмысы және жастар саясаты департаментінің директоры Нина Попова вебинардың жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын атап өтті. 
 «Өте қызықты әрі түсінікті дәріс материалы, тиімді тренингтер болды. Екі күндік оқу мен құрбы-құрдастармен қарым-қатынас барысында мен дұрыс жолда келе жатқанымызды, еліміздің патриоттары екенімізді, біртұтастығымызды байқадым. Әділетті мемлекетті қаласақ, ең алдымен өзіміз әділ болуымыз керек. Біз, Қазақстан жастары, еліміздің болашағы ретінде жауапты, адал, толерантты, білімді, тәрбиелі, еңбекқор және әділ болуымыз қажет», - деп өз ойымен семинарға қатысушы, Zhubanov university студенті Динара Есмағамбетова бөлісті.