Басты бетӨзіміз бен еліміздің кемел келешегін құру

Өзіміз бен еліміздің кемел келешегін құру

Өзіміз бен еліміздің кемел келешегін құру Өзіміз бен еліміздің кемел келешегін құру Өзіміз бен еліміздің кемел келешегін құру Өзіміз бен еліміздің кемел келешегін құру Өзіміз бен еліміздің кемел келешегін құру Өзіміз бен еліміздің кемел келешегін құру

Қазақстан Республикасы Президенттік орталығының қызметкерлері Астана қаласы, Абай облысы, сондай-ақ Ақмола және Алматы облыстары мектептерінің жоғары сынып оқушыларына «Әділетті қоғам – Адал азамат» атты екі күндік онлайн семинар-тренингтер өткізді.

Бұл оқу-тәжірибелік сабақтардың мақсаты – Мемлекет басшысы

Қ.К.Тоқаевтың әділ әрі құқықтық мемлекет құру жолындағы шешімдері мен бастамаларын насихаттау. Дәріс барысында тыңдаушыларға «әділеттілік» ұғымы, оның тұжырымдамалық негіздері, қазақстандық қоғамның әлеуметтік-мәдени мұраттары түсіндіріледі, жаңа құндылықтарды қалыптастыру аспектілері талқыланады. Сондай-ақ, семинар-тренингке қатысушылар Қазақстанның дамуының жаңа, өзекті басқару шешімдерімен және стратегиялық бағыттарымен танысады. Тренингтер мемлекеттің бүгіні мен болашағы туралы жеке көзқарастарды, азаматтық-патриоттық сананы қалыптастыруға, тиімді жеке қасиеттерді дамытуға, командалық жобаларды дайындап, ұсынуға, әділ әрі адал азаматтық қоғам құрудың жолдары мен нақты қадамдарын талқылау мен дағдылауға бағытталған.

«Мен көптеген құнды ақпарат, жаңа идеялар мен тың бастамаларға мотивация алдым. Сабақ барысында өз ойымызды еркін жеткізіп, шығармашылық қабілетімізді көрсететініміз ұнады. Құрдастармен пікір таластыру өте қызықты болды. Жалпы осы семинар-тренингтен шабыттанып, болашаққа деген сеніміміз одан сайын нығая түсті», – деп пікір білдірген өз жазбасында Ұзынағаш ауылындағы Абай атындағы гимназия мектебінің оқушысы Жігер Нұрданбекұлы.

«Вебинар барысында біз қоғамдағы ережелер мен заңдарды сақтаудың маңыздылығын, әділ және үйлесімді қоғам құрудағы әрбір адамның рөлін талқыладық. Біз әрекеттеріміз бен шешімдерімізде көрініс табатын  этикалық нормалар туралы айттық. Осы тәжірибе бізге азаматтық жауапкершілік пен қоғамдық өмірге қатысудың маңыздылығын жақсырақ түсінуге мүмкіндік берді. Бұл тренинг жаңа білімнің қайнар көзімен сусындатып қана қоймай, сондай-ақ қоғамымыздың белсендісі болып, өзіміз бен еліміздің кемел келешегін құруымызға шабыт берді», – деп ой бөлісті Астана қаласындағы Шейх Тәмим бен Хамад әл-Тәни атындағы №85 мектеп-лицейінің оқушысы Разия Мұхамед.