Басты бетКітапхана жұмысы қызметінің аға сарапшысы

Кітапхана жұмысы қызметінің аға сарапшысы

 

Конкурс өткізу туралы хабарландыру

«Қазақстан Республикасының Президенттік орталығы»

010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Әлихан Бөкейхан көшесі, 1а,

Анықтама телефоны: 8(7172)693085, e-mail: kense@plibrary.kz

 

Кітапхана жұмысы қызметінің аға сарапшысы

Функционалдық міндеттері:      

өзіне жүктелген міндеттердің уақтылы және толыққанды іске асырылуын қамтамасыз ету; еңбек және атқарушылық тәртіпті сақтау; Кітапхана қызметінің ішкі тәртібі шеңберінде басшылықтың талаптарын, нұсқаулықтарды, бұйрықтарды, регламенттер мен өзге де актілерді орындау; Президенттің және экс-президенттің Жеке кітапханасының қызметін қамтамасыз ету; Қазақстан мен жақын және алыс шетелдердің жетекші кітап баспаларына мониторинг жүргізу негізінде әдебиеттерді ағымдағы жинақтауды ұйымдастыру; кітапхана әр түрлі көздерден, сондай-ақ басқа ұйымдардың сұранысы бойынша сатып алынған басылымдарға сараптама жүргізу; айырбастау қорына беру мақсатында басылымдарды екінші рет іріктеу процесіне қатысу; толықтыру мәселелері бойынша баспа ұйымдарымен және басқа кітапханалармен кәсіби байланыс орнату; баспа өнімдерін өндірушілердің, кітап және букинистік дүкендердің мәліметтер базасын жүргізу; Президенттік орталықтың кітапхана қорын жинақтау жөніндегі жұмыс комиссиясы отырыстарының материалдарын дайындайды; Ұйымдастыру-өндірістік жұмысты орындайды; Қазақстан мемлекеттілігінің тарихын, тәуелсіз Қазақстанның тарихын, Қазақстан Республикасы Президентінің және экс-президенттерінің қызметін зерделеудегі Президенттік орталықтың қызметінің ақпараттық жұмысы үшін қажетті құжаттарды бастапқы өңдеуді жүргізу; басылымдарды аналитикалық-синтетикалық өңдеуді жүзеге асыру; қабылданған кітапханалық жіктеуге сәйкес, құжаттарды жүйелеу, құжатты техникалық өңдеу  (мөрқалып соғу, штрих-кодтау, RFID-белгі жапсыру); баспа туындыларын жүйелеу және каталогтау; электрондық каталогты ұйымдастыру (кітаптарды енгізу және орыс тіліндегі мерзімді басылымдардағы мақалалардың ретроспективті библиографиялық сипаттамасы); электрондық каталогты жүргізу және редакциялау; библиографиялық көрсеткіштерді (тақырыптық, өмірбаяндық, Атаулы күндер күнтізбесі) жасау; Президенттік орталықтың көрме және экспозиция қызметіне қатысу: аналитикалық іріктеу, тұрақты экспозиция, ішінара реэкспозиция, көшпелі және уақытша көрмелер үшін материалды беру және экспозициялық құжаттарды дайындау; Президенттік орталықтың оқырмандарымен жұмысты, оның ішінде мәдени-ағартушылық жұмысты ұйымдастыру; Қазақстан Республикасы Президентінің өмірі мен қызметін баяндау мен көпшілікке түсіндіру жөніндегі ақпараттық-имидждік жұмыстарға қатысу; Қазақстан Республикасы Президенті мен экс-президенттерінің қызметін қазақстандық және шетелдік кітаптар, сериялық басылымдар, Ресми құжаттар, дерекқорлар негізінде ақпараттық-библиографиялық қамтамасыз етуді жүзеге асыру; кітапхананың ғылыми-зерттеу және әдістемелік жұмысына, кітапхананы дамыту бағдарламаларын әзірлеуге және іске асыруға қатысу;  кітапхана қорын қалыптастыру және сақтау: - жинаққа ұсынылған құжаттардың тұтастығы мен сақталуы, олардың жай-күйі, сондай-ақ қабылданған кітапхана классификациясына сәйкес оларды есепке алу, орналастыру үшін;      - коллекция қорын жинақтағаны, ғылыми түгендеудің тиісті сапасы үшін; - тақырыптық кітап көрмелерін безендіру үшін әдебиеттер тізімін қалыптастыру, этикетаждардың уақтылы ресімделуін қадағалайды.- тозған және қайта қалпына келтіруді қажет ететін кітаптарды анықтау үшін құжаттарды қарау; - басшылық қол қойған бұйрыққа сәйкес қорға мерзімді тексерулер жүргізуге жәрдемдесу; өндірістік қажеттілік жағдайында, сенбі және мереке күндері кітапхана бойынша кезекшілік; кітапхана қорын және мүлікті сақтаудың және физикалық сақтаудың талап етілетін режимін қамтамасыз ету, өртке қарсы қауіпсіздік шараларын қабылдау;  кітап қорының сақталуын қамтамасыз етуге қауіп төндіретін барлық мән-жайлар туралы басшылықты уақтылы хабардар ету; материалдық құндылықтарды қабылдау, есепке алу және олардың сақталуын қамтамасыз ету функциясын жүзеге асыру; Қызметтің іс жүргізуіне жауапты қызметкер; Қызмет басшысының және Президенттік орталық басшылығының өзге де тапсырмаларын орындау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Қызметтің аға сарапшысы: Қызметтің аға сарапшысы лауазымына жоғары гуманитарлық немесе әлеуметтік білімі және 1 жылдан кем емес еңбек өтілі бар тұлға тағайындалады.

Мынадай құзыреттердің болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, парасаттылық, өзін-өзі дамыту, жеделдік, ынтымақтастық және өзара іс-қимыл, қызметті басқару.

 

Құжаттарды қабылдау мерзімі: конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейінгі келесі жұмыс күнінен бастап 3 жұмыс күні.

Жалпы конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар ұсынылады:

1) нысан бойынша өтініш (бұдан әрі-өтініш),

2) Анықтама-объектив;

3) білімі туралы құжаттар және оларға қосымшалар.