slide 1 of 4
Қазақстан Республикасының Президенттік орталығында Сараптамалық-тексеру комиссиясының отырысы өтті. Онда 2001, 2005, 2006, 2014, 2015 жылдардағы тұрақты сақтауға жататын электрондық фотоқұжаттардың тізімдемесі қаралды және мақұлданды.
Сонымен қатар, Президенттік орталығының қоры Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының «Қазақстан Республикасы Президентінің Телерадиокешені» КЕАҚ-нан келіп түскен жаңа фото мен бейнеқұжаттармен толықты.