


Қазақстан Республикасының Президенттік орталығында «Neotech digital school» оқушылары мен «Қазақ технология және бизнес университеті» колледжінің студенттері үшін «Бірегей және ғажайып пішіндер әлемі» атты қор көрмесі бойынша тақырыптық экскурсиялар өткізілді.
Көрмеде Қазақстан президенттеріне дипломатиялық сый ретінде табысталған сәндік вазалар топтамасы ұсынылды. Экспонаттар қонақтардың халықаралық қатынастар үрдісімен және сәндік-қолданбалы өнердің үздік туындыларымен танысуына мүмкіндік берді.
Мұндай тақырыптық экскурсиялар оқушылар мен студенттерге әлем мәдениеттерінің алуан түрлілігі жайлы көбірек ақпарат алуға, өнер туындыларын көркемдік қабылдауға, талдауға және оларға шығармашылықпен қарауды үйренуге жол ашады.