

Астана қаласындағы №42 «Бәйшешек» балабақшасының даярлық тобының тәрбиеленушілеріне көшпелі музей сабағы өткізілді. Бұл сабақ балаларды мәдени-тарихи құндылықтармен таныстыруды, музей әлеміне бойлату арқылы патриотизм мен рухани дүниесін қалыптастыруды көздейді.
Сабақ барысында балдырғандар Қазақстан Республикасы Президенттік орталығы музейінің қызметімен танысып, кейбір жәдігерлерді ұстап көріп, жаңа сөздермен сөздік қорларын байытты.
Жұмбақтарды шешіп, музей заттарымен танысқан мектеп жасына дейінгі балалар «м» әрпін тереңірек меңгеріп, өз бетінше белсенділіктерін дамыту үшін «Топтаманы толықтырыңыз» ойынына қатысты.