Басты бетКонкурс өткізу туралы хабарландыру

Конкурс өткізу туралы хабарландыру

«Қазақстан Республикасының Президенттік орталығы»

010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Әлихан Бөкейхан көшесі, 1а,

Анықтама телефоны: 8(7172)693085, e-mail: kense@plibrary.kz

 

Әкімшілік қызметінің жетекші сарапшы  (Ақпараттық қауіпсіздік)

Функционалдық міндеттері:

басшылықтың тапсырмалары мен бұйрықтарын уақтылы және толық көлемде орындау; ұйымның құзыреті шегінде ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар кешенінің орындалуын бақылау; ұйымның ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша бірыңғай саясат жүргізу; ұйымның құзыреті шегінде ақпараттық қауіпсіздіктің ішкі аудитін жүргізу; ұйымның ақпараттық қауіпсіздігі саласындағы стратегиялық жоспарларды, ағымдағы және инвестициялық бағдарламалар мен жобаларды әзірлеу, іске асыру мәселелері бойынша ұйымның құрылымдық бөлімшелерінің қызметін үйлестіру; ұйымның құзыреті шегінде ақпараттық қауіпсіздіктің сыртқы аудитін ұйымдастыруды бақылау; ұйымның құзыреті шегінде ақпараттық қауіпсіздік оқиғаларын тіркеуді ұйымдастыру; ұйымның құзыреті шегінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалана отырып, бизнес-процестердің үздіксіздігін қамтамасыз етуді бақылау; ұйымның цифрландыру объектілерінің АҚ жай-күйін бақылау; өз құзыреті шегінде ақпараттық қауіпсіздік саласында техникалық құжаттаманы әзірлеу және енгізу; өз құзыреті шегінде ақпаратты қорғау құралдары бойынша тиісті бюджеттік өтінімдерді дайындау; ұйымдарда ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі шараларды жақсарту жөнінде ұсыныстар енгізу; ұйымның құзыреті шегінде Министрліктің және ведомстволық бағынысты ұйымдардың ақпараттық жүйелерін өнеркәсіптік пайдалануға енгізуге қатысу; ұйымның цифрландыру объектілерінің ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне сынақтар жүргізу жөніндегі жұмыстарды үйлестіру; қызмет құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының тапсырмалары бойынша комиссиялардың жұмысына, кеңестерге, семинарларға және өзге де іс-шараларға, сондай-ақ анықтамалық, талдамалық және өзге де құжаттарды дайындауға қатысу; өз құзыреті шегінде мемлекеттік және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді қорғауды қамтамасыз ету; өз құзыреті шеңберінде Министрліктің құрылымдық бөлімшелерімен және ведомстволарымен өзара іс-қимыл жасау; өз құзыреті шеңберінде жұмыс Регламентін және ұйымның ішкі тәртіп қағидаларын сақтау; өз құзыреті шеңберінде оған заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілермен және ұйым басшылығының шешімдерімен жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асыру; қызмет құзыреті шеңберінде, оның ішінде қызмет тоқтатылғаннан кейін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген уақыт ішінде мемлекеттік құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияны жария етпеу; өз құзыреті шеңберінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ұйымның ақпараттық ресурстарымен жұмыс процесінде ақпараттық қауіпсіздікті сақтау және қамтамасыз ету; дайындалып жатқан, жасалатын немесе жасалған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың өзіне белгілі болған жағдайлары туралы олар жұмыс істейтін ұйымның жоғары тұрған басшысының және (немесе) басшылығының назарына дереу жеткізуге; өз құзыреті шегінде мемлекеттік сатып алу жөніндегі бюджеттік бағдарламалардың техникалық ерекшеліктерін, сатып алу шарттарын, қызмет жетекшілік ететін мәселелер бойынша орындалған жұмыстар актілерін келісу; өз құзыреті шегінде жетекшілік ететін мәселелер бойынша заңды және жеке тұлғалардың хаттары мен өтініштерін қарайды, сондай-ақ құжаттардың сапалы және уақтылы орындалуын бақылауды қамтамасыз етеді; Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде белгіленген өзге де міндеттерді орындау.

 

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім. Педагогикалық ғылымдар: жаратылыстану пәндері бойынша мұғалімдерді даярлау (математика, информатика, математика-информатика, физика-информатика, қолданбалы математика); ақпараттық-коммуникациялық технологиялар; инженерлік: инженерия және инженерлік Іс (Автоматтандыру және басқару), бағдарламалау; Ақпараттық қауіпсіздік; Үлкен деректер және машиналық оқыту 3 жыл еңбек өтілі бар тұлғалар қабылданады.

Жетекші сарапшы: Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу ақпараттандыру және ақпараттық қауіпсіздік бойынша; мынадай құзыреттердің болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабардар етуге бағдарлану, парасаттылық, өзін-өзі дамыту, жеделдік, ынтымақтастық және өзара іс-қимыл, қызметті басқару; Елді дамытудың стратегиялық және бағдарламалық құжаттарын, оның ішінде мемлекеттік жоспарлау жүйесін білу; Мемлекеттік қызмет, бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін білу.

Құжаттарды қабылдау мерзімі: конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейінгі келесі жұмыс күнінен бастап 3 жұмыс күні.

Жалпы конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар ұсынылады:

 

1) нысан бойынша өтініш (бұдан әрі-өтініш),

2) Анықтама-объектив;

 

3) білімі туралы құжаттар және оларға қосымшалар.