«Қазақстан Республикасының Президенттік орталығы»
010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Әлихан Бөкейхан көшесі, 1а,
Анықтама телефоны: 8(7172)693085, e-mail: kense@plibrary.kz
Баспасөз қызметі
аға сарапшысы (уақытша, негізгі қызметкердің бала күтімі демалысы бойынша кезеңіне).
Функционалдық міндеттері:
баспасөз қызметі мен Президенттік орталықтың жұмыс жоспарына сәйкес жұмысты жүзеге асыру; өзіне жүктелген міндеттерді уақытылы және толық іске асыруды қамтамасыз ету; еңбек және орындаушылық тәртібін сақтау; Президенттік орталық пен Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы басшылықтың талаптарын, нұсқаулықтарды, бұйрықтарды, регламенттер мен өзге де актілер талаптарын орындау; Президенттік орталық басшылығының қатысуымен өткізілетін іс-шараларды медиа саласында ақпараттық және ұйымдастырушылық сүйемелдеу; Президенттік орталық басшылығының сөз сөйлеу мәтіндерін, сұхбаттарын дайындау; Президенттік орталықтың Ғаламтор (ресми сайт, әлеуметтік желілердегі аккаунттар мен парақшалар, мессенджерлер) желісіндегі контентін әзірлеуге қатысу; Президенттік орталықтың құрылымдық бөлімшелермен бірлесіп апта сайынғы медиа-гридтерді әзірлеу; Президенттік орталық басшылығының қатысуымен өтетін іс-шараларды, қоғамдық маңызы бар іс-шараларды, мерекелік және мерейтойлық даталарды ақпараттық сүйемелдеу жөніндегі жоспарларды, оның ішінде медиа жоспарларды әзірлеу және іске асыру; Президенттік орталықтың қызметін жан-жақты ақпараттық қолдауын қамтамасыз ету; Президенттік орталықтың құрылымдық бөлімшелерімен өзара байланыс орнату; Президенттік орталықтың қызметі туралы сауалдарға жауап дайындау; ақпараттық материалдарды уақытылы әзірлеу және тарату; Президенттік орталықтың қызметін әлеуметтік желілерде ілгерілету; бұқаралық ақпарат құралдарымен байланыс орнату, серіктестік базасын дамыту; Президенттік орталықтың қызметі туралы БАҚ-ғы ақпараттық хабарламалардың мониторингін дайындауға қатысу; Президенттік орталықтың іс-шараларына қатысатын БАҚ аккредитациясын әзірлеу; БАҚ-та жарияланған материалдарға контент-талдау жүргізу, Президенттік орталық басшылығына ақпараттық кеңістікте жарияланған ұйымның қызметі туралы жағымсыз материалдарға қатысты әрекет ету жөнінде ұсыныстар енгізу; баспасөз қызметінің құзыреті шегінде немесе Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы, Президенттік орталық басшылығының тапсырмасы бойынша халықаралық ынтымақтастық саласындағы мәселелерді ұйымдастыру және іске асыру; Президенттік орталықтың қызметі туралы құжаттарды, ақпараттық материалдарды орыс тілінен мемлекеттік тілге аудару; баспасөз қызметі деректерінің мұрағатын жүргізеді; кәсіби біліктілікті арттыру; Президенттік орталықтың әзірлеуіндегі ақпараттың құпиялылығын сақтау; Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік және квазимемлекеттік органдарының негізінде елдің бірыңғай ақпараттық саясатын іске асыру саласында баспасөз іс-шараларын ұйымдастыру; Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің актілерін, кітапхана мен қызмет басшылығының тапсырмаларын орындау барысында анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктерді жою жөніндегі ұсыныстарға бастамашылық ету; баспасөз қызметінің іс қағаздарын жүргізу; Президенттік орталықта түсірілім, сұхбат жазу кезінде БАҚ өкілдерімен жүріп, оларға кеңес беру; еңбек күзеті мен өрт қауіпсіздік ережелерін ұстану; баспасөз қызметі жетекшісінің, Президенттік орталық басшылығының өзге тапсырмаларын орындау.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
Баспасөз қызметінің аға сарапшысы лауазыма тиісті мамандық бойынша жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі және/немесе мамандығы бойынша 1,5 жылдан кем емес жұмыс өтілі бар тұлға тағайындалады.
Қызметтің аға сарапшысы: бұқарамен байланыс саласын, бұқаралық ақпарат құралдары мен жарнаманың мәселелерін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамалық және басқа да нормативтік-құқықтық актілерін, бұқарамен байланыс саласындағы технологияларды дамытудың перспективалары мен бағыттарын, талдау әдістерін, ақпараттық үдерістер мен бұқаралық коммуникация саласының дамуын жоспарлау және болжау, терминология бойынша мемлекеттік стандарттарды, таңбалар мен өлшем бірліктерін, қолданыстағы шартты қысқартуларды, еңбекті ұйымдастыруды, еңбек заңнамасын, ішкі еңбек тәртібі ережелерін, өрт қауіпсіздігі талаптарын білуі тиіс.
Мынадай құзыреттердің болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, парасаттылық, өзін-өзі дамыту, жеделдік, ынтымақтастық және өзара іс-қимыл, қызметті басқару.
Құжаттарды қабылдау мерзімі: конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейінгі келесі жұмыс күнінен бастап 3 жұмыс күні.
Жалпы конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар ұсынылады:
1) нысан бойынша өтініш (бұдан әрі-өтініш),
2) Анықтама-объектив;
3) білімі туралы құжаттар және оларға қосымшалар.