Басты бетКонкурс өткізу туралы хабарландыру

Конкурс өткізу туралы хабарландыру

«Қазақстан Республикасының Президенттік орталығы»

 

010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Әлихан Бөкейхан көшесі, 1а,

Анықтама телефоны: 8(7172)693085, e-mail: kense@plibrary.kz

 

Экспозицияларды және көрмелерді ұйымдастыру қызметінің Музейлік зал қараушысы

Функционалдық міндеттері:

өзіне жүктелген міндеттерді уақытылы және толыққанды жүзеге асуын қамтамасыз ету; еңбек және атқару тәртібін сақтау; Орталықтың қызмет барысындағы ішкі тәртібіне сәйкес басшылықтың талаптары бойынша  нұсқаулықтарын, бұйрықтарын және басқа да актілерін орындау; Қызмет басшысының тапсырмаларын орындау; қызметкердің сеніміне берілген экспозицияны және уақытша көрмелер өткізілетін залдарды кезекшіге қабылдауды және тапсыруды жүзеге асыру; өзіне тапсырылған экспозициядағы жәдігерлерге жеке жауапкершілік алу; экспонаттарды қарау тәртібін және келушілердің музей залдарында өзін-өзі ұстау ережелерін сақтауын қадағалау; экспонаттардың сәулелік тәртіппен бақылау жолдарының сақталуын, экспозицияның тазалығын қамтамасыз ету (қажет болған жағдайда экспозициялық витриналарды тазалау жұмыстарына қатысу); сенiм бiлдiрiлген залдардағы экспозициялардың күзет дабылының жұмысын бақылау; бекітілген залдардағы келушілердің жүру мүмкіндіктерін реттеу; экскурсия барысында экскурсия жүргізушіге көмек көрсету; сеніміндегі залдарға жалғыз келушілерге тақырып және экспонат бойынша қысқаша мәлімет беру; экспозициялық кешенде орналасқан аудио-бейнеқұралдардың мезгілінде қосылып ажыратылуын қатаң бақылау; экспозициялық-көрмелік залдардағы электр жарығының қосылуын қадағалау; экспозициядағы аннотациялардың, этикетаждағы мәліметтердің бүлінбеуін назарда ұстау, бүлінген жағдайда Қызмет мамандарына дер кезінде хабарлау; сеніміндегі залдарда жұмыс барысында болып жатқан өзгерістерді жеке журналына (витриналардын ашылуы, этикеткалардын ауыстырылуы және т.б. жұмыстарды) қадағалап жазу(ашылған күнін, уақытын және қызметкердің аты-жөнін); құзырындағы залдардың өрт қауіпсіздігі шараларын  қатаң сақтау және өрт қауіпсіздігі кезіндегі шығу есіктерді күнделікті жиі бақылап отыру; Қызметтің экспозициялық-көрмелік жұмыстарына және тазалық күндерін өткізуге қатысу (жеті сайын); Қызмет басшысының және Орталық басшылығының өзге де тапсырмаларын орындау.

 

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

 

Музейлік зал қараушы лауазымына тиісті жоғары немесе орта арнаулы білімі және кемінде 2 жыл еңбек өтілі бар адам тағайындалады.

 

Мынадай құзыреттердің болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, парасаттылық, өзін-өзі дамыту, жеделдік, ынтымақтастық және өзара іс-қимыл, қызметті басқару.

 

Құжаттарды қабылдау мерзімі: конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейінгі келесі жұмыс күнінен бастап 3 жұмыс күні.

 

Жалпы конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар ұсынылады:

 

1) нысан бойынша өтініш (бұдан әрі-өтініш),

2) Анықтама-объектив;

 

3) білімі туралы құжаттар және оларға қосымшалар.