«Қазақстан Республикасының Президенттік орталығы»
010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Әлихан Бөкейхан көшесі, 1а,
Анықтама телефоны: 8(7172)693085, e-mail: kense@plibrary.kz
Жоспарлау және бухгалтерлік есеп қызметінің механигі.
Функционалдық міндеттері:
өзіне жүктелген міндеттердің уақтылы және толыққанды іске асырылуын қамтамасыз ету; еңбек және атқарушылық тәртіпті сақтау; Президенттік орталық қызметінің ішкі тәртібі шеңберінде басшылық талаптарын, нұсқаулықтарды, бұйрықтарды, регламенттерді және өзге де актілерді орындау; автомобильдің уақтылы берілуін қамтамасыз ету; өзіне бекітілген автомобильдің техникалық жарамды жай-күйін қамтамасыз ету; автомобильдің және ондағы мүліктің сақталуы жөнінде шаралар қабылдау: автомобильді қараусыз қалдырмау, салоннан шыққан кез келген жағдайда міндетті түрде автомобильді дабылға қою, көлік жүргізу және автомобильдің барлық есіктерін тұраққа қою кезінде бұғаттау; жолаушылардың өмірі мен денсаулығының сақталуын және автомобильдің техникалық жарамды жай-күйін барынша қамтамасыз ететін автомобиль жүргізуді жүзеге асыру; автомобильдің техникалық жай-күйін бақылауды жүзеге асыру, оның қауіпсіз пайдаланылуын қамтамасыз ету бойынша қажетті жұмыстарды өз бетінше орындау (пайдалану жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес); сервистік орталықта техникалық қызмет көрсетуді және техникалық байқаудан уақтылы өту; автомобильдің қозғалтқышын, шанағын және салонын таза ұстау, оларды осы үшін арналған белгілі бір беттерге күтім жасаудың тиісті құралдарымен қорғау; алкогольді, психотроптық, ұйықтататын таблеткаларды және адам ағзасының зейінін, реакциясын және жұмысқа қабілеттілігін төмендететін басқа да құралдарды қолданар алдында немесе жұмыс процесінде қолданбау; шығу алдында жүру маршрутын нақты пысықтау; жол парақтарын жүргізу, жүру бағытын, жүріп өткен километражды, отын шығысын белгілеу; жұмыс күні аяқталғаннан кейін механик өзіне сеніп тапсырылған автокөлікті күзетілетін тұрақта/ гаражда қалдырады; өз міндеттерін орындау процесінде Қазақстан Республикасының Жол жүрісі қағидаларының сақталуын қамтамасыз ету; материалдық құндылықтарды қабылдау, есепке алу және олардың сақталуын қамтамасыз ету функциясын жүзеге асыру; Қызмет басшысының, бас бухгалтердің, президенттік орталық басшылығының өзге де тапсырмаларын орындау.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
Механик лауазымына арнаулы орта білімі және мамандығы бойынша кемінде 1 (бір) жыл жұмыс өтілі бар немесе жалпы орта білімі және кемінде 3 (үш) жыл жұмыс өтілі бар, белгілі бір көлік құралын басқаруға арналған санаты бар адам тағайындалады.
Мынадай құзыреттердің болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, парасаттылық, өзін-өзі дамыту, жеделдік, ынтымақтастық және өзара іс-қимыл, қызметті басқару.
Құжаттарды қабылдау мерзімі: конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейінгі келесі жұмыс күнінен бастап 3 жұмыс күні.
Жалпы конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар ұсынылады:
1) нысан бойынша өтініш (бұдан әрі-өтініш),
2) Анықтама-объектив;
3) білімі туралы құжаттар және оларға қосымшалар.