


«Қазақ технология және бизнес университеті» АҚ колледжінің студенттеріне «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері» көшпелі дәрісі өткізілді.
Сабақ барысында жастар мемлекетіміздің басты атрибуттарын құру тарихымен танысып, олардың элементтері мен бейнелерінің мағынасына терең бойлады. Сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерімен байланысты қызықты фактілерді білді.
Топ болып тапсырмаларды орындаған студенттер өзара пікір алмасып, Қазақстан тарихы туралы ойларын ортаға салды.