Басты бетПРЕЗИДЕНТТІК ОРТАЛЫҚТА ҚАЗІРГІ КЕЗЕҢДЕГІ АРХИВ ІСІН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

ПРЕЗИДЕНТТІК ОРТАЛЫҚТА ҚАЗІРГІ КЕЗЕҢДЕГІ АРХИВ ІСІН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

ПРЕЗИДЕНТТІК ОРТАЛЫҚТА ҚАЗІРГІ КЕЗЕҢДЕГІ АРХИВ ІСІН  ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ ПРЕЗИДЕНТТІК ОРТАЛЫҚТА ҚАЗІРГІ КЕЗЕҢДЕГІ АРХИВ ІСІН  ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ ПРЕЗИДЕНТТІК ОРТАЛЫҚТА ҚАЗІРГІ КЕЗЕҢДЕГІ АРХИВ ІСІН  ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ ПРЕЗИДЕНТТІК ОРТАЛЫҚТА ҚАЗІРГІ КЕЗЕҢДЕГІ АРХИВ ІСІН  ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ ПРЕЗИДЕНТТІК ОРТАЛЫҚТА ҚАЗІРГІ КЕЗЕҢДЕГІ АРХИВ ІСІН  ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ ПРЕЗИДЕНТТІК ОРТАЛЫҚТА ҚАЗІРГІ КЕЗЕҢДЕГІ АРХИВ ІСІН  ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ ПРЕЗИДЕНТТІК ОРТАЛЫҚТА ҚАЗІРГІ КЕЗЕҢДЕГІ АРХИВ ІСІН  ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ ПРЕЗИДЕНТТІК ОРТАЛЫҚТА ҚАЗІРГІ КЕЗЕҢДЕГІ АРХИВ ІСІН  ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ ПРЕЗИДЕНТТІК ОРТАЛЫҚТА ҚАЗІРГІ КЕЗЕҢДЕГІ АРХИВ ІСІН  ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

 

Қазақстан Республикасының Президенттік орталығында «Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының қабылдануының 25 жылдығына орай «Қазіргі кезеңдегі архив ісі: проблемалары мен даму перспективалары» атты халықаралық дөңгелек үстел отырысы өтті.

Іс-шараны ашқан Қазақстан Республикасы Президенттік орталығының директоры Бақытжан Темірболат бұл алаң қазақстандық және шетелдік сарапшыларға заңнамалық базаны одан әрі жетілдіруді, кадрлар даярлауды, электрондық ақпараттың сақталуын қамтамасыз етуді және басқа да архив саласын дамытудың бірқатар өзекті мәселелерін талқылауға мүмкіндік беретініне сенім білдірді.

Мемлекеттік мекемелер қызметкерлерінің салалық кәсіподағының төрағасы Мирболат Жақыповтың пікірінше, қазіргі заман жағдайында елдегі архив және құжаттамалық қызметті реттейтін жаңартылған заң қабылдау қажеттілігі туындап отыр. Сондай-ақ, спикер Қазақстанның архивистері мен құжаттанушылар одағын құру туралы ұсыныс жасады.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Президенті Архивінің директорының орынбасары Роза Кәрібжанова бірыңғай архив терминологиясын, құжаттаманың құндылығын айқындаудың жалпы ережелерін, құпиясыздандырылған құжаттарды есепке алуды ұйымдастыру, сондай-ақ мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында ақпаратты сақтау және пайдалану жөніндегі ұсынымдарды әзірлеу мәселелеріне аса назар аудару қажет екенін атап өтті.

Қазақстан мен Иордания арасындағы архивтік қызмет саласындағы жемісті ынтымақтастығы туралы өз сөзінде Иордания Хашимит Корольдігінің Ұлттық кітапханасы департаментінің бас директоры Нидал Ибрахим Мұхаммед әл-Ахмад бөлісті.

ҚР МАМ Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің басқарма басшысы Ибраим Бабаевтың ақпараты бойынша жаһандық трендтерді ескере отырып, құжаттарды цифрландыру бойынша жұмыстар белсенді жүргізілуде, 2023 жылы бұл көрсеткіш цифрлық форматқа көшірілген 1 млн 651 мың құжатты құрады. Мүмкіндігінше кәсіби кадрларды даярлау мәселесі де шешілуде, биыл архив және кітапхана ісі мамандықтары бойынша 189 білім гранты бөлінді.

Өз кезегінде, Ресей мемлекеттік гуманитарлық университетінің кафедра меңгерушісі Михаил Ларин салалық мамандарды даярлау жөніндегі қазақстандық-ресейлік жобалар туралы, оның ішінде таяу шет елдерден келген жас мұрағатшыларға арналған бірлескен жазғы мектепті ұйымдастыру, магистрлік бағдарлама бойынша студенттерді оқыту және т.б. туралы айтып берді.

«Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы» ҚР Заңын қабылдау процесі туралы естеліктерімен осы құжатты әзірлеу жөніндегі жұмыс тобының құрамында тікелей жұмыс істеген қазақстандық архив ісінің ардагері Ермек Жүсіпов бөлісті.

Талқылауға Қазақстан Республикасы архив ісінің ардагері Ғазиза Исахан, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры Тұрғанжан Төлебаев, Нархоз университетінің Гуманитарлық мектебінің қауымдастырылған профессоры Ақмарал Ысқақ қатысты.