Басты бетТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАННЫҢ СИМВОЛЫ

ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАННЫҢ СИМВОЛЫ

ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАННЫҢ СИМВОЛЫ ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАННЫҢ СИМВОЛЫ ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАННЫҢ СИМВОЛЫ ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАННЫҢ СИМВОЛЫ

Тәуелсіздік күні қарсаңында елордадағы №31 мектеп-гимназиясының жетінші сынып оқушыларына «Астана – Тәуелсіз Қазақстанның символы» көшпелі дәрісі өткізілді.

Тақырыптық сабақтың басында дәріскер қазіргі елорданың аумағында және оның маңайында орналасқан көне қоныстар мен ортағасырлық Бозоқ қалашығы туралы атап өтті. Сондай-ақ, балалар Ақмола бекінісінің құрылу тарихы мен оның аудандық қала мәртебесін алуы және одан әрі дамуы туралы мол мағлұмат алды.

Сабақта Қазақстанның тәуелсіздік жылдарындағы қала тарихына және астананы Алматыдан Ақмолаға көшірудің алғышарттарына да тоқталды.

Оған қоса, оқушылар жаңа Астананың қалыптасуы мен даму шежіресімен танысты. Онда Астана атауын өзгерту; халықаралық презентация; қала мен елдің нышандарына айналған бірегей сәулет құрылыстарын салу; ірі халықаралық экономикалық, саяси және мәдени іс-шараларды өткізілетіні жайлы айтылды. Астананың халықаралық имиджін қалыптастыру әрі дамыту жағына да баса назар аударылды.