




ҚР Президенттік орталығының ғылыми-білім беру бағдарламасы аясында 20 желтоқсанда Астана қаласындағы «Қазақ технология және бизнес университеті» АҚ колледжінің студенттеріне «Қазақстандағы ислам: тарихы, мәселелері, келешегі» атты көшпелі дәріс өткізілді.
Дәріс барысында қазақ халқының төл руханияты мен мәдениетін қалыптастырудың қайнар көздерінің бірі саналатын исламның рөлі атап өтілді. Нақты мысалдар арқылы аталған мәселенің ғылыми-теориялық және практикалық маңыздылығы көрсетілді.
Студенттер Қазақстанда діни экстремизмнің пайда болуы мен дамуы мәселелерін қызу талқылады. Деструктивті идеологиялардың таралуына қарсы іс-қимыл шараларының тиімділігіне, діни экстремизмге қарсы күрес жөніндегі заңнамалық нормаларға, экстремистік топтарды бейтараптандыру жөніндегі арнайы қызметтердің қызметіне және т.б баса назар аударылды.