

Көшпелі музей сабағын Қазақстан Республикасы Президенттік орталығының қызметкерлері Астана қаласындағы №24 орта мектебінде өткізді.
Еліміздің ұлттық валютасына арналған сабақ бастауыш сынып оқушыларының ой-өрісін кеңейтуді, төл теңгені айналымға енгізу тарихына, сондай-ақ мемлекетіміздің тәуелсіздік тарихына деген қызығушылықтарын қалыптастыруды көздейді.
Қызықты да ерекше сабақ барысында оқушылар ақшаның қалай пайда болғанын, оның қандай түрлері бар екенін біліп қана қоймай, төл теңгенің тарихымен әрі оның ерекшеліктерімен танысты. Оға қоса, ойын ойнап, пазл жинап, теңге туралы танымдық мультфильм тамашалады.