Басты бетЖАҢА ҚАЗАҚСТАН: ӘДІЛЕТТІ ҚОҒАМ» АТТЫ СЕМИНАР-ТРЕНИНГТЕРІН ТЫҢДАУШЫЛАР ЖОҒАРЫ БАҒАЛАДЫ

ЖАҢА ҚАЗАҚСТАН: ӘДІЛЕТТІ ҚОҒАМ» АТТЫ СЕМИНАР-ТРЕНИНГТЕРІН ТЫҢДАУШЫЛАР ЖОҒАРЫ БАҒАЛАДЫ

ЖАҢА ҚАЗАҚСТАН: ӘДІЛЕТТІ ҚОҒАМ» АТТЫ СЕМИНАР-ТРЕНИНГТЕРІН ТЫҢДАУШЫЛАР ЖОҒАРЫ БАҒАЛАДЫ ЖАҢА ҚАЗАҚСТАН: ӘДІЛЕТТІ ҚОҒАМ» АТТЫ СЕМИНАР-ТРЕНИНГТЕРІН ТЫҢДАУШЫЛАР ЖОҒАРЫ БАҒАЛАДЫ ЖАҢА ҚАЗАҚСТАН: ӘДІЛЕТТІ ҚОҒАМ» АТТЫ СЕМИНАР-ТРЕНИНГТЕРІН ТЫҢДАУШЫЛАР ЖОҒАРЫ БАҒАЛАДЫ ЖАҢА ҚАЗАҚСТАН: ӘДІЛЕТТІ ҚОҒАМ» АТТЫ СЕМИНАР-ТРЕНИНГТЕРІН ТЫҢДАУШЫЛАР ЖОҒАРЫ БАҒАЛАДЫ ЖАҢА ҚАЗАҚСТАН: ӘДІЛЕТТІ ҚОҒАМ» АТТЫ СЕМИНАР-ТРЕНИНГТЕРІН ТЫҢДАУШЫЛАР ЖОҒАРЫ БАҒАЛАДЫ

8-23 қараша аралығында Қазақстан Республикасы Президенттік орталығының қызметкерлері алты республикалық жоңғары оқу орындарының студенттері үшін «Жаңа Қазақстан: әділетті қоғам» атты семинар-тренингтерін өткізді.

Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың стратегиялық құжаттары мен Қазақстан халқына Жолдаулары негізінде әзірленген дәрістер мен практикалық сабақтар қатысушылардың ешқайсысын бей-жай қалдырмай, қызу пікірталастарға ұласты.

Милана Бакшина, Shakarim University студенті (Семей қ.): «Семинар-тренинг менің санамға терең әсер етті. Спикерлер қазіргі заманғы сын-қатерлер мен әлеуметтік өзгерістер тудырған факторларға нақты талдау жасады. Біз шын мәнінде әділ қоғамның не екенін, еліміз үшін қандай пайдалы іс жасай алатынымызды, қандай азамат болуымыз керек деп ойланып қалдық».

Аманжан Қоныспаев, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің студенті: «Біз өте қызықты дәрістер тыңдадық, түрлі көзқарастармен таныстық, зерттедік, талдадық, талқыладық. Біздің мемлекетіміз жүргізіп жатқан реформалар тақырыбы өте өзекті болды. Егер шынымен де олар ойластырылғандай іске асырылатын болса, онда бұл реформалар Қазақстан халқының барлық топтарын, жалпы қоғамды қанағаттандыра алады. Бұл екі күн біз үшін осы аптаның ең мағыналы күндерінің бірі болды».

Нұргүл Асанова, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің студенті: «Тәжірибелік бөлім ерекше қызықты болды, онда тренингтер мен түрлі тапсырмалардың көмегімен біз бір командаға топтасып, бірге жұмыс істей бастадық. Қызықты әрі тартымды болды, осындай қысқа мерзім ішінде біз жаңа дағдыларды меңгердік».