Басты бетКонкурс өткізу туралы хабарландыру

Конкурс өткізу туралы хабарландыру

«Қазақстан Республикасының Президенттік орталығы»

               

010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Әлихан Бөкейхан көшесі, 1а,

Анықтама телефоны: 8(7172) 693085, e-mail: kense@plibrary.kz

 

Әкімшілік қызметтің жетекші сарапшысы (заңгер)

 

Функционалдық міндеттері:

 

Президенттік орталық қызметінің ішкі тәртібі аясында басшылықтың талаптарын, нұсқаулықтарын, бұйрықтарын, регламенттерін және өзге де актілерін орындау; Президенттік орталықтың қызметінде заңдылықтың сақталуын қамтамасыз ету және оның құқықтық мүдделерін қорғау; заңнамаға сәйкес құқықтық сараптаманы жүзеге асыру және ғылыми-зерттеу, ғылыми-әдістемелік, сараптамалық-талдамалық және публицистикалық әдебиеттерге сәйкес келетін бұйрықтардың, нұсқаулықтардың, ережелердің, шарттардың, келісімдердің, меморандумдардың және құқықтық сипаттағы басқа да құжаттардың жобаларын келісу және қажетті жағдайларда сараптамалық қорытындылар дайындау; Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік ғылыми бағдарламаларды, жобаларды іске асыруға қатысу; заңдылықты сақтай отырып, білім беру және гуманитарлық қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыруға және іске асыруға қатысу; Президенттік орталықтың қызметінде авторлық құқықтар саласындағы

заңнаманың сақталуын бақылау және Президенттік орталықтың зияткерлік меншік объектілерін қорғау; Президенттік орталықтың жауапты қызметкерлеріне заңнаманың өзгеруіне байланысты актілерге өзгерістер енгізу немесе олардың күшін жою туралы нұсқамалар беру; қолданыстағы заңнаманы және оны қолдану тәртібін түсіндіру, құрылымдық бөлімшелерге наразылық жұмыстарында құқықтық көмек көрсету, қажетті материалдарды дайындау және сот органдарына беру; талап қою жұмысын жүргізу, шарттық дауларды реттеудің сотқа дейінгі тәртібін сақтау жөнінде шаралар қабылдау, талап арыздар мен материалдарды дайындау және оларды соттарға беру, құқықтық мәселелерді қарау кезінде сотта, сондай-ақ мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда мемлекеттік мекеменің мүдделерін білдіру; Президенттік орталықта ұжымдық шарттарды, келісімдерді дайындауға және әзірлеуге, еңбек тәртібін нығайту, әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі іс-шараларды әзірлеуге және жүзеге асыруға қатысу; шарттық, еңбек тәртібін нығайту жөніндегі іс-шараларды әзірлеуге және жүзеге асыруға қатысу; Президенттік орталықтың қызметкерлерін қолданыстағы заңнама туралы хабардар ету, сондай-ақ қызметкерлердің өз қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілерді зерделеуі жөніндегі жұмысты ұйымдастыру; заң көмегін көрсету, қызметкерлерге құқықтық мәселелер бойынша кеңес беру; өз құзыреті шегінде мемлекеттік, қызметтік құпияны құрайтын ақпаратты қорғау жөніндегі шараларды сақтау;

Президенттік орталықтың ішкі нормативтік актілерін әзірлеуге қатысу.

 

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

 

Қызметтің жетекші сарапшысы лауазымына жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) заң білімі және мамандығы бойынша кемінде 5 жыл жұмыс өтілі бар адам тағайындалады

Қызметтің жетекші сарапшысы: Қазақстан Республикасының заңнамалық, өзге де нормативтік құқықтық актілері және Президенттік орталықтың қызметін регламенттейтін әдістемелік материалдарды,  Президенттік орталықтың бейінін, мамандануы мен құрылымының ерекшеліктерін, азаматтық, кәсіпкерлік, коммерциялық, әкімшілік, еңбек және заңнаманың өзге де салаларын, төрелік іс жүргізу, азаматтық іс жүргізу құқығын, құқықтық құжаттар бойынша іс жүргізу стандарттарын, заманауи ақпараттық технологияларды қолдана отырып, құқықтық құжаттаманы жүйелеу, есепке алу және жүргізу тәртібін регламенттейтін әдістемелік материалдар, әкімшілік негіздері, іскерлік қарым-қатынас этикасы, еңбекті басқаруды ұйымдастыру, еңбек заңнамасы, өрт қауіпсіздігі талаптарын білуі тиіс.

Мынадай құзыреттердің болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, парасаттылық, өзін-өзі дамыту, жеделдік, ынтымақтастық және өзара іс-қимыл, қызметті басқару.

 

Құжаттарды қабылдау мерзімі: конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейінгі келесі жұмыс күнінен бастап 3 жұмыс күні.

 

Жалпы конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар ұсынылады:

 

1) нысан бойынша өтініш (бұдан әрі-өтініш),

2) Анықтама-объектив;

 

3) білімі туралы құжаттар және оларға қосымшалар.