Басты бетБОЛАШАҚ МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНА АРНАЛҒАН МУЗЕЙ САБАҒЫ

БОЛАШАҚ МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНА АРНАЛҒАН МУЗЕЙ САБАҒЫ

БОЛАШАҚ МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНА АРНАЛҒАН МУЗЕЙ САБАҒЫ БОЛАШАҚ МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНА АРНАЛҒАН МУЗЕЙ САБАҒЫ БОЛАШАҚ МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНА АРНАЛҒАН МУЗЕЙ САБАҒЫ

Қазақстан Республикасы Президенттік орталығының қызметкерлері елордадағы №94 «Сұңқар» балабақшасының дайындық тобының тәрбиеленушілеріне көшпелі музей сабағын өткізді.

Сабақ барысында жас өрендер музейдің қалыптасуы және ондағы жәдігерлер мен музейлік топтамалар туралы мағлұмат алды. Қазіргі заманның балаларына «пошта маркасы» және «филателия» ұғымдары жаңалық болды.

Жас оқушылар жұмбақтарды шешіп, ойын тапсырмаларын орындап, Президенттік орталықтың музей қорындағы заттармен танысты. Осылайша болашақ мектеп оқушылары әліпби бойынша білімдерін бекітіп, ой-өрісін кеңейтіп, сөздік қорын молайтты. Оған қоса музей әлемімен танысты.