



ҚР Президенттік орталықтың музейіне Астанада өтіп жатқан «Denis Ten Memorial Challenge» халықаралық мәнерлеп сырғанау турниріне қатысу үшін келген көрнекті жаттықтырушысы Этери Тутберидзе бас сұқты.
Аталмыш турнир қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы, ХХІІ қысқы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері Денис Тенге арналған.
Ардақты қонақ музейді еліміздің атақты спорт қайраткерлері – бокстан Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев, отандық әйгілі қара күш иесі, әлемнің бірнеше дүркін рекордшысы Сергей Цырульников, мәнерлеп сырғанаушы Айза Мамбекова және Ұлттық Олимпиада комитетінің өкілдерімен бірге аралады.
Қонақтар Қазақстанның заманауи тарихы туралы ақпарат алып, отандық спортшылардың жоғары жетістіктері жайлы баяндайтын жәдігерлермен танысты. Мәнерлеп сырғанаушы Элизабет Тұрсынбаева мен Денис Теннің жеке заттарына ерекше назар аударылды.