Басты бетҚР ПРЕЗИДЕНТТІК ОРТАЛЫҚТА «БОЛАШАҚ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СТИПЕНДИЯСЫНЫҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН МИТАП-КЕЗДЕС...

ҚР ПРЕЗИДЕНТТІК ОРТАЛЫҚТА «БОЛАШАҚ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СТИПЕНДИЯСЫНЫҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН МИТАП-КЕЗДЕСУІ ӨТТІ

ҚР ПРЕЗИДЕНТТІК ОРТАЛЫҚТА «БОЛАШАҚ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СТИПЕНДИЯСЫНЫҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН МИТАП-КЕЗДЕСУІ ӨТТІ ҚР ПРЕЗИДЕНТТІК ОРТАЛЫҚТА «БОЛАШАҚ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СТИПЕНДИЯСЫНЫҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН МИТАП-КЕЗДЕСУІ ӨТТІ ҚР ПРЕЗИДЕНТТІК ОРТАЛЫҚТА «БОЛАШАҚ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СТИПЕНДИЯСЫНЫҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН МИТАП-КЕЗДЕСУІ ӨТТІ ҚР ПРЕЗИДЕНТТІК ОРТАЛЫҚТА «БОЛАШАҚ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СТИПЕНДИЯСЫНЫҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН МИТАП-КЕЗДЕСУІ ӨТТІ ҚР ПРЕЗИДЕНТТІК ОРТАЛЫҚТА «БОЛАШАҚ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СТИПЕНДИЯСЫНЫҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН МИТАП-КЕЗДЕСУІ ӨТТІ ҚР ПРЕЗИДЕНТТІК ОРТАЛЫҚТА «БОЛАШАҚ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СТИПЕНДИЯСЫНЫҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН МИТАП-КЕЗДЕСУІ ӨТТІ ҚР ПРЕЗИДЕНТТІК ОРТАЛЫҚТА «БОЛАШАҚ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СТИПЕНДИЯСЫНЫҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН МИТАП-КЕЗДЕСУІ ӨТТІ ҚР ПРЕЗИДЕНТТІК ОРТАЛЫҚТА «БОЛАШАҚ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СТИПЕНДИЯСЫНЫҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН МИТАП-КЕЗДЕСУІ ӨТТІ ҚР ПРЕЗИДЕНТТІК ОРТАЛЫҚТА «БОЛАШАҚ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СТИПЕНДИЯСЫНЫҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН МИТАП-КЕЗДЕСУІ ӨТТІ

Қазақстан Республикасының Президенттік орталығында «Болашақ» халықаралық стипендиясының 30 жылдығына арналған бағдарлама түлектерімен митап-кездесу өтеді.

Іс-шараға қазақстандық жоғары оқу орындарының студенттері мен республикалық еріктілер қозғалысының өкілдері қатысты.

Meet up форматы жастарға «Болашақ» бағдарламасы түлектерінің табыстарымен және жетістіктерімен танысуға мүмкіндік беріп, олардың шығармашылық пен зияткерлік әлеуетін жандандыруға септігін тигізді.

«30 жылдан кейін де «Болашақ» бағдарламасы өзекті болып қала береді. Адами капиталды дамытуға қомақты қаражат сала отырып, шетелде жоғары білікті кадрларды даярлау арқылы «әлеуметтік лифттер» құрылып, дарынды қазақстандық жастардың креативті өзегі қалыптасты. Бүгінгі таңда Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың тапсырмасы бойынша бағдарлама модернизацияланды.  Енді оқытуда техникалық мамандықтарға басымдық берілуде», - деді өзінің сөзінде Қазақстан Республикасы Президенттік орталығы директорының орынбасары Ботагөз Қайыпова.

Өз кезегінде Нұрсұлтан Назарбаев Қорының Халықаралық бөлімінің басшысы Зияда Жанатаева тәуелсіздік таңында «Болашақ» халықаралық стипендиясын құру бәсекеге қабілетті ұлтты қалыптастыруға бағытталған сол кездегі серпінді жобалардың бірі болғанын ерекше атап өтті.

Алғашқы стипендиаттардың бірі, «Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы» АҚ Балалар кардиохирургиясы бөлімінің меңгерушісі Дмитрий Горбуновтың айтуынша, шетелде алған білімі мен тәжірибесі оған Қазақстанда неонаталдық кардиохирургияны табысты енгізуге және дамытуға мүмкіндік берді. Онымен бірге Кардиохирургиялық орталықта «Болашақ» бағдарламасының 10-ға жуық түлегі жұмыс істейді. Айта кету керек, қазіргі уақытта Қазақстан Орталық Азиядағы жаңа туған нәрестелерге жүрекке операция жасайтын жалғыз ел болып табылады.

ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің кеңесшісі Айдар Махметов: «Мақсаты бар адам үшін еңсерілмейтін кедергілер жоқ. Оқу көрсеткіштер үшін емес, білім үшін қажет. Мемлекет белсенді жастарға өз әлеуетін іске асыруға және әлемнің жоғарғы оқу орындарында білім алуға мүмкіндік береді және бұл мүмкіндікті пайдалану қажет».

Өз сөзінде Астана Халықаралық университетінің қауымдастырылған профессоры, Қазақстандағы ядролық медицинаның негізін қалаушы Серік Нүркенов мемлекеттік стипендия оған физика мен медицинаның тоғысында жұмыс істеуге бірегей мүмкіндік бергенін атап өтті. Бүгінгі таңда отандық ядролық медицинаның жетістіктерінің арқасында онкологиялық ауруларды ерте сатысында диагностикалау мүмкіндігі пайда болды. Бұл пациенттердің сауығу мүмкіндігін арттырады.

ҚР Кәсіподақтар федерациясы төрағасының орынбасары Нұрлан Өтешев қатысушылармен өзінің жеке тәжірибесімен бөлісті. Оның пікірінше, жаңа білім алу ешқашан кеш емес. «Болашақ» бағдарламасы академиялық оқуды (магистратура, докторантура) және әлемнің жетекші компаниялары мен университеттерінде ғылыми-өндірістік тағылымдамадан өтуді қамтиды. Ол өзі Ұлыбританияда (Cambridge University) ғылыми тағылымдамадан өтіп, алған білімін қызметінде белсенді қолдануда.

 

1993 жылғы 5 қарашада құрылған «Болашақ» халықаралық стипендиясы егемен Қазақстанның маңызды стратегиялық жобаларының біріне айналды. Оның құрылуы барлық салаларда білікті басқарушыларды қалыптастыру арқылы республиканы жаңғыртудың жаңа кезеңінің негізі болды. Бағдарлама құрылған сәттен бастап түлектердің жалпы саны 12 мыңнан астам адамды құрады.

Университеттердің оқу бағдарламаларына, оқу бағыттарына және географиясының ауқымдылығы мен кеңдігінің арқасында «Болашақ» транзиттік экономикасы бар елдер үшін адами капиталды дамытудың үздік үлгісі болып, әлемдегі ұқсас 11 стипендияның ішінде ең жақсы бағдарлама болып танылды.

«Болашақ» стипендиясының тәжірибесін осы күні Қытай, Польша, Финляндия, елдері зерттеп жатыр. Сонымен қатар «Болашақ» бағдарламасы Ресейдің «Ғаламдық білім беру» бағдарламасы мен Татарстан Республикасының «Алгарыш» стипендиялық бағдарламасының негізі саналады.

 

https://www.instagram.com/reel/CzIdJHaIptv/?utm_source=ig_web_copy_link&igshid=MzRlODBiNWFlZA==