«Жаңа Қазақстан: әділетті қоғам» курсы бойынша Қарағанды және Павлодар облыстары мектептерінің 9-11 сыныптарының 56 оқушысы онлайн-оқытудан өтті.
Қазақстан Республикасының Президенттік орталығы өткізетін екі күндік семинар-тренингтерді жетекші ғылыми қызметкерлер Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың маңызды баяндамалар мен Қазақстан халқына Жолдаулары негізінде әзірледі. Бұл қазақстандық мемлекеттілік тарихын насихаттауға, ел жастарын патриотизм мен азаматтық сана рухында тәрбиелеуге бағытталған.
Вебинар тыңдаушылардың бірі – Павлодар қаласындағы «Дарынды қыз балаларға арналған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицей-интернатының» оқушысы Дильназ Қуанышқызы ой бөлісті: «Қазақстан Республикасы Президент орталығының ұйымдастыруымен өткен екі күндік семинарға қатысып, еліміздің өткені, кемел келешегіміз туралы оқушылармен пікір алмасып, көкейімізде жүрген мәселелерді сараладық. Өзіме осындай тренингтер барысында саяси аренада болып жатқан мәселелер жайлы ой талқылаған ұнады».